Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
31.07.2026, 20:48

Ұлытау облысында Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжар үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жобаны іске асыру барысында барлық объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешені орындалды. Шатырды монтаждау, ғимараттарды сыртқы және ішкі әрлеу, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту, жолаушылар платформаларын реконструкциялау. Әрлеу кезінде қазақстандық өндірістің заманауи берік және отқа төзімді материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығулар жабдықталған. Вокзалдар жаңа жиһазбен  және заманауи жабдықтармен жабдықталған.

 

1958 жылы салынған Қаражал теміржол вокзалы қайта құрудан кейін 395,94 шаршы метр заманауи ғимарат болды. Станция арқылы Қарағандымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін екі жолаушылар пойызы жүреді.

 

1971 жылы салынған Жаңаарқа вокзалы қолданыстағы 315,1 шаршы метр ғимаратты сақтай отырып қайта құрылды. Станция арқылы Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Бейнеу қалаларымен қатынауды қамтамасыз ететін 12 жолаушылар пойызы өтеді.

 

2012 жылы салынған Қызылжар вокзалы ғимараттың ауданы 103,8 шаршы метрді сақтай отырып қайта жаңартылды. Станция арқылы Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Бейнеумен   қатынауды қамтамасыз ететін 10 жолаушылар пойызы өтеді.

 

Вокзалдарды қайта жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жайлы және қауіпсіз орта құруға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңартылған вокзалдар көлік инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді және өңірдің теміржол желісін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты