Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды

Аймақтар
31.07.2026, 21:26

Жетісу облысында Ақши станциясындағы жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту және Көктұма теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ақши станциясында заманауи аялдама павильонының құрылысы аяқталды. Табиғи желдетуге арналған аэрациялық шамдармен және ұйымдастырылған су бұру жүйесімен жабдықталған профильді қаңылтырмен  жасалған металл қаңқасы және күрделі пішінді шатыры бар бір қабатты ашық ғимарат салынды. Павильонның периметрі бойынша жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биіктігі 1,2 метр металл қоршау орнатылды. Жаңа шатыр жылдың кез келген уақытында пойыздарды күтуге ыңғайлы жағдай жасайды.

     

Ақши станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Балқаш, Ақтоғай, Достықпен қатынайтын 14 жолаушылар пойызы қатынайды.

1958 жылы салынған Көктұма теміржол вокзалында құрылыс-монтаждау жұмыстары кешені орындалды. Шатырды орнату, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, ішкі сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жүйелерін жаңғырту, электр және төмен токты коммуникацияларды монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды.

   

Жазғы тасымалдау кезеңінде станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Балқаш, Достықпен қатынасты қамтамасыз ететін 14 жолаушылар пойызы қатынайды.

     

Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, теміржол инфрақұрылымы объектілерінде болудың жайлы және қауіпсіз жағдайларын жасауға, сондай-ақ Жетісу облысының көлік желісін одан әрі дамытуға бағытталған.

ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті