Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
01.08.2026, 08:42

Ақмола облысында бес: Державинская, Үленті, Ерейментау, Еркіншілік және Жалтыр теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Жобаны іске асыру шеңберінде Державинская және Жалтыр вокзалдарында қолданыстағы ғимаратты қайта жаңарту жүргізілді. Үленті, Ерейментау және Еркіншілік вокзалдарында ескі ғимараттарды толық бөлшектеу, одан кейін жаңа заманауи жолаушылар кешендерін салу орындалды. Жалтыр вокзалында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырта отырып, қолданыстағы ғимаратты кешенді қайта жаңарту жүргізілді.

 

Барлық нысандарда кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары орындалды, іргелес аумақтар абаттандырылып, жаңа жиһаз бен заманауи технологиялық жабдықтар орнатылды. Құрылыс кезінде отандық өндірістің берік және отқа төзімді материалдары пайдаланылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу жолдары көзделген. Теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Үленті, Ерейментау, Еркіншілік және Жалтыр вокзалдарында мобильділігі төмен жолаушыларға арналған пандустар жабдықталған.

 

1960 жылы салынған Державинская теміржол вокзалы жөндеуден кейін ауданы 225,33 шаршы метр болатын заманауи бір қабатты ғимарат кейпінде көрініс тапты. Станция арқылы Астана, Қостанай және Арқалықпен байланысты қамтамасыз ететін алты жолаушылар пойызы өтеді.

 

1952 жылы пайдалануға берілген Үленті вокзалы 211-ден 225,33 шаршы метрге дейін қайта құрылды. Станция арқылы елді мекенді Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Түркістан және Маңғыстаумен байланыстыратын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

 

Ерейментау станциясында 1953 жылы салынған вокзал ғимараты жаңартылды. Қайта құрудан кейін оның ауданы 380-нен 430,57 шаршы метрге дейін өсті. Станция арқылы Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстаумен байланыс орнататын 18 жолаушылар пойызы өтеді.

 

1960 жылы салынған Еркіншілік станциясы да толығымен жаңартылды. Ғимараттың ауданы 195,8-ден 225,33 шаршы метрге дейін өсті. Станция арқылы оны Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей, Түркістан және Шымкент қалаларымен байланыстыратын он жолаушылар пойызы өтеді.

 

Жалтыр вокзалында ғимараттың ауданы 370-тен 442,8 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. 1958 жылы салынған бір қабатты вокзал заманауи құрылыс шешімдері мен отандық өндіріс материалдарын қолдана отырып толығымен жаңартылды. Қайта құрудан кейін 2 типті вокзал қауіпсіздіктің, жайлылықтың және қол жетімділіктің заманауи талаптарына толық сәйкес келеді. Станция арқылы күн сайын Астана, Арқалық және Атбасармен қатынасуды қамтамасыз ететін алты жолаушылар пойызы өтеді. 

Вокзалдарды қайта жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жайлы және қауіпсіз орта құруға, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңартылған вокзалдар көлік инфрақұрылымының заманауи талаптарына сәйкес келеді және елдің теміржол желісін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды