Абай мұрасы ұлықталды

Аймақтар
11.08.2026, 09:12
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылардың қоғамдық-мәдени өміріндегі елеулі іс-шаралардың бірі – жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін «Абай күні». Биыл да 10 тамыз – хакімнің туған күні қарсаңында ұлы ойшылдың рухани мұраларын ұлықтап, іс-шара өткізді.

Игілікті іс-шараны бөлімшедегі салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен Семей локомотив пайдалану депосының машинистері бастаған. Олар қаладағы Абайдың әдеби-мәдени мемориалдық мұражайына экскурсия жасап, осынау қастерлі орында ақын өлеңдерін оқудан челлендж өткізуді қолға алған болатын. Ең алдымен тепловоз машинисі, Абайдың аталас туысы болып келетін Елзат Тілекин ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, келесі кезекті НЖС-6 бөлімшесінің қыз-жігіттеріне жолдаған. Міне, осылайша күллі бөлімше бойынша Абай өлеңі мен қара сөзін оқудан бәйге басталып, оны ақынның туған күні саналатын тамызда Семей ЖТ филиалының кадр бөлімінің басшысы Ботагөз Мүбәракова қорытындылады. 

 

Десек те, ұлы ақынның туған күні қарсаңындағы шаралар мұнымен шектелген жоқ. Жылдағы дәстүрге сай Жидебай жеріне саяхат ұйымдастырылып, танымдық басқосулар көптеп ұйымдастырылды. Семей қаласындағы Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымы мол іс-шараларға да белсене қатысты. Белсенді теміржолшы жастар қауымы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ «Абай оқулары» мен Абай музей-қорығында өткен көрмелер мен әдеби квесттерге қатысып, ұлы ойшылдың асыл мұрасын көпшілікпен бірге ұлықтады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады