Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты

Аймақтар
11.08.2026, 09:31
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде жартыжылдық өндірістік-эксплуатациялық көрсеткіш оң нәтижемен қорытындыланды.

Алғашқы алты айда бөлімшеде жүк тиеу мен түсіру жоспары жоғары көрсеткішке жетті. Бөлімшенің техникалық бөлім бастығының орынбасары Әдия Абдуллинаның айтуынша, есепті кезеңде Ақтөбе өңіріндегі жүк айналымы жоспарға шаққанда 101,1 пайызды құрады. Ал жүк тиеу көрсеткіші 104,8 пайызға орындалды. Алты айда өңір бойынша 7 млн 853 мың тонна жүк тиелген. Бұл жоспарланған көлемнен 357 мың тоннаға артық.

Биыл өңірде жүгері тасымалы жоғары. Жүк тиеу көрсеткішіндегі үлесі 42,6 пайызды құрайды. Одан кейін темір рудасы – 24,4 пайыз, түсті руда – 17,6 пайыз, мұнай – 4,8 пайыз, қара металл – 3,8 пайыз және химиялық өнімдер – 1,4 пайыз. Ақтөбе өңірінен жөнелтілген жүктердің 92,6 пайызы Қазақстан ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі болса, 7,4 пайызы шет мемлекеттерге экспортталған. Бөлімшенің Орал өңірі бойынша көрсеткіштері де жоғары. Мұнда жүк тиеу жоспары 112,5 пайызға орындалды. Нақты көлем 1 млн 275 мың тоннаны құрап, жоспардан 141 мың тоннаға артық. Әлия Еділқызының баяндауынша, жүк айналымы – 101,1%, жүк тиеу – 104,8%, техникалық жылдамдық 100,1% құрайды.  

Алғашқы жартыжылдықта өндірістік жарақат алу жағдайы тіркелмеген. Қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауына бақылау күшейтіліп, нұсқаулықтар жаңартылған. Сонымен қатар барлық деңгейдегі басшылардың еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына қатысты жауапкершілігі артқан. Бұл жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жүрген жұмыстар нәтижесі деген жөн.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты