Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды

Аймақтар
12.08.2026, 17:22

Түркістан облысында жаңғыртудан кейін Түлкібас станциясының теміржол вокзалы ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Салтанатты шараға өңір әкімдігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК»  АҚ өкілдері, сала ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Жоба аясында құрылыс-монтаждау жұмыстар кешені орындалды. Шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтау инженерлік желілерін жаңарту, перрон мен іргелес аумақты жайластыру, сондай-ақ жабдықтар мен жиһаздарды монтаждау жұмыстары аяқталды. Қайта құрудан кейінгі ғимараттың жалпы ауданы 878,54 шаршы метрді құрайды. Вокзал жертөлесі жоқ екі қабатты ғимарат. 

Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалады. Теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және жергілікті атқарушы органдар қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы өз қаражаты есебінен іске асыруда. 

Қасбетті жаңартуға және объектінің энергия тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. Қасбеттер төзімді фиброцемент панельдерімен қапталған, жертөле қазақстандық өндірістің гранит плиткасынан жасалған. Отандық өндірістің энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар «жылы» тірек-ригель жүйесінің алюминий витраждары орнатылды. Сондай-ақ, заманауи материалдар мен жылу оқшаулауды қолдана отырып, шатыр толығымен жаңартылды.

Вокзалдың ішкі үй-жайлары заманауи жанбайтын материалдармен безендірілген. Сәндік әрлеу, дыбыс оқшаулағышы бар тірек төбелер және тозуға төзімді еден жабындары қарастырылған, бұл жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Түлкібас теміржол вокзалының ғимараты 1916 жылы салынған. Вокзал 3 класқа жатады және күн сайын орта есеппен 312 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Қазақстанның ірі қалалары – Алматы, Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қандыағаш, Орал, Ақтөбе, Семей, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай курорты, Астана, Павлодар, Петропавл, Маңғыстау және Бейнеу қалаларымен, сондай-ақ Ресеймен және Өзбекстанмен қатынауды қамтамасыз ететін 30 жолаушылар пойызы  жүреді. 

Түлкібас вокзалын қайта жаңарту тарихи ғимаратты сақтауға және оны көлік инфрақұрылымының заманауи талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жолаушылар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, жайлы және қауіпсіз орта құруға, жолаушылар ағынын ұлғайтуға және теміржол тасымалдарын дамытуға, сондай-ақ өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды