Мал басу азайды

Аймақтар
18.08.2026, 09:06
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Аса қауіпті аймақ саналатын темір жолда қараусыз жайылған төрт түліктен төнген қауіп азаймай отыр. Атырауда биылғы жарты жылда машинистер 23 шұғыл тежеу беріп, 18 мал басу оқиғасы орын алған.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша инженері Мақсот Дүйсалиевтің айтуынша, былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда мал басу 13 оқиғаға азайған. Азайды дегенмен, жағдай оңала қоюы екіталай. Жол бойында мал әлі де көп. Мал басу көбіне жаз айларында болатыны белгілі. Соған сәйкес тек маусым айында 8 мал басу оқиғасы тіркелген.  

– Әсіресе қауіпті саналатын жерлер: Атырау – Махамбет, Махамбет – Қызылжар, Бақсай – Аққыстау, Құлсары – Шоқпартоғай, Жантерек – Мұқыр – Сағыз, Ганюшкино – Атырау аралықтары. Бұл мәселелерді жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қарым-қатынасынсыз шешу мүмкін емес. Соған орай аудан әкімдеріне малды теміржол бойына жаймау, бақташы қою, мал иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізу жөнінде талай хат жазылып жатыр, бірақ нәтиже көңіл көншітерліктей емес. Мал бағу ережелері туралы мыңдаған адамға ескерту, жадынама берілсе де, жол бойындағы малдың кесірінен машинистер пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр. Оның өз зияны бар – тепловоз тұрып қалады, бүлінеді, уақыт кетеді, вагон аударылу қаупі де бар, жолаушылар жарақат алады, т.б. Халық малға ие болуы керек, онсыз осылай жалғасқаны – жалғасқан, – дейді бөлімше инженері.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты