Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті

Аймақтар
18.08.2026, 09:31
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы өтіп жатыр. Әсіресе жүктемесі жоғары өткелдерге басымдық берілуде.

Өткен апта теміржолшылар, көлік полициясы, көліктік бақылау инспекциясы, прокуратура және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен Ембі қаласындағы Ақтөбе – Жем учаскесінің Құдық – Жем аралығындағы өткелде кезекті акция ұйымдастырылды. Біршоғыр жол дистанциясы өткізген профилактикалық іс-шарада 87 жеңіл көлік және 45 жүк көлігі жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.  

Аталған өткел өңірдегі жүктемесі жоғары өткелдің бірі саналады. Үлкен жүк көліктерінің ағыны жоғары, «AltynEx Company» АҚға тиесілі жүк көліктерінің басты жолы. Жүргізушілерге ақпараттық жадынамалар таратылып, профилактикалық әңгімелесу өткізіп, талап бұзғандарға жауапкершіліктің қатаңдығы ескертілді.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің хабарлауынша, «Қауіпсіз өткел» акциясы Қандыағаш қаласында да өткізілді. Қандыағаш – Шұбарқұдық учаскесінің Қандыағаш – 6-разъезд станциялары арасындағы теміржол өткелінің де жүктемесі өте жоғары. Мұнда тәулігіне 32 жұп жүк және 8 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Сонымен қатар өткел арқылы қалалық автобус бағыттары қатынайды. Қандыағаш, Жем және Мұғалжар ауданының елді мекендері арасындағы автокөлік қозғалысы да осы өткелден өтеді. Бұл жерде 123 жеңіл көлік және 45 жүк көлігі жүргізушісі қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқамадан өтті.  

– Теміржол өткеліндегі қауіпсіздік – тек теміржолшылардың емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына ортақ жауапкершілік. Қарапайым ережені сақтау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан мұндай түсіндіру жұмыстары тек бір реттік акция емес, тұрақты жүреді, – деді Қандыағаш локомотив пайдалану депосы басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Азамат Қалниязов.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты