Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді

Аймақтар
21.08.2026, 09:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Шалқар жол дистанциясы аумағында 5 мал басу оқиғасы тіркелді. Оның үшеуі – Шалқар– Тассай, екеуі Шалқар – Сексеуіл учаскелерінде болды.

Теміржолшылар қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп, тағы да дабыл қақты. Шалқар жол дистанциясының бастығы Бекбол Айтенов теміржол қауіпсіздігіне қатысты алдын алу және түсіндіру жұмыстарының тұрақты жүргізілуін басты назарда ұстап отыр. Дегенмен сақтық шараларын елемейтіндер әлі де аз емес. Ал оның салдары өте ауыр.  

Биыл дистанция қызметкерлері Шалқар – Сексеуіл және Шалқар – Тассай бағыттарына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен 12 рет кездесу өткізіп, 295 адамға темір жол маңында мал ұстау талаптарын түсіндірді. Ауылдарды аралаған теміржолшылар малдың жолға шығып кетуінен шығын тек оның иесіне ғана емес, пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, жолаушылардың өміріне қатер келтіретінін ескертті. Сондықтан әрбір мал иесі өз малының қараусыз қалмауын қамтамасыз етуге тиістігі, темір жол арқылы мал айдауды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы жүргізілу қажеттігі айтылды.  

Сонымен қатар темір жолдағы қауіп тек малға қатысты емес. Биыл Тосбұлақ станциясында темір жолды кесіп өтпек болған азаматты пойыз қағып, қайғылы жағдай орын алды. Дистанция қызметкерлері жыл басынан бері темір жол бойында бөгде адамдардың жүруінің алдын алу мақсатында 8 кездесу өткізіп, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Ал өткелдерде жүргізілген түсіндіру жұмыстары барысында 320 жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін сақтау, қызыл сигналға тоқтау, жабық немесе жабылып жатқан шлагбаумнан өтпеу қажеттігі ескертілді.  

 

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты