Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті

Аймақтар
21.08.2026, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтіп жатқан «Қауіпсіз өткел» акциясы Атырау магистральдық желі бөлімшесінде де жалғасуда. Атырау мен Құлсары жол дистанциясы жол полициясымен бірлесіп аймақтағы 8 өткелде рейд өткізді.

Бөлімшенің пойыздар қозғалысын сақтау бөлімінің бастығы Мақсот Дүйсәлінің айтуынша, жалпы бөлімшеге қарасты 53 өткел бар. Оның төртеуі күзетілетін өткел. Акция аясында 8 өткелде көлік жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілу жоспарланған, оның екеуі күзетілетін өткел. Бүгінге дейін Мұқыр, Мақат-рзд-402, Доссор, Майкөмген, Тұманды бекеттеріндегі өткелдерде автокөлік иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

– Біздің мақсатымыз – көлік жүргізушілері өткелден өтерде және өткенде заң мен тәртіпті, жол қозғалысы ережесін сақтауға шақыру. Ең алдымен тек рұқсат етілген жерлермен өту, әсіресе күзетілмейтін өткелден өтерде жан-жағына қарап, «Тоқта» белгісіне аялдап, сосын пойыздың жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана жүру керек. Жол белгілеріне, бағдаршамдарға, дыбыстық белгілерге назар аудару да өте маңызды. Өткелден зулап өте шығам деуге мүлдем болмайды, оның арты талай өкінішті оқиғаларға алып келгені рас. Сондықтан көлік иелеріне сақ болуды, әрдайым тәртіп сақтауды түсіндірдік, – дейді ол.  

Мақат – Құлсары учаскесінің Құлсары – Шоқпартоғай айналымы аралығындағы 1244 шақырым, №6 бекеттегі өткелден тәулігіне 24 жұп пойыз өтеді. Ал автомобиль саны одан көп – тәулігіне бірнеше мыңға барады. Өйткені бұл өткел Теңіз кен орнына қарай жүретін автожолда тұр. Алып кеніш аумағында ондаған компаниялар жұмыс жасаса, оған баратын жеке көлік иелері де аз емес. Соған орай акция аясында 80 көлік иесіне, жүзге тарта тұрғындарға өткелдегі қауіпсіздік тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар үлестірілді. Бүгінде Атырау – Ганюшкино бағытындағы бірнеше өткелде жалғасуда.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды