Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
23.08.2026, 11:39
Оқуға 1 мин

Ақтөбеде ауданы 7,4 мың шаршы метрден асатын теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзал жертөлесі мен техникалық қабаттары бар алты қабатты ғимарат болып табылады. Жаңартудан кейін ғимаратта жолаушылар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вокзал Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жаңартылды.

Ақтөбе теміржол вокзалы 1976 жылы салынған.

Қайта құру барысында шатыр, қасбет, инженерлік желілер жаңартылып, үй-жайлардың ішкі безендірілуі орындалды. Ғимараттың қасбеті фиброцемент тақталарымен қапталды. Вокзал лифттермен және эскалаторлармен жабдықталған. Жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылды. Жаңа жиһаздар мен жабдықтар да орнатылды. Іргелес аумақты абаттандыру жүргізілді.

Вокзалда мобильділігі төмен жолаушылар үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Вокзалдың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 4,7 мыңнан астам адамды құрайды. Станция арқылы Ақтөбені Астана, Алматы, Орал, Маңғыстау, Бейнеу, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Бурабай курорты және Атыраумен байланыстыратын 34 жолаушылар пойызы өтеді.

Сондай-ақ, вокзал арқылы Ақтөбені Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан қалаларымен байланыстыратын халықаралық маршруттар өтеді. Вокзалды қайта жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы объектісінің сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды