Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті

Аймақтар
28.08.2026, 09:27
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясында электр желілерінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жеті айда 583 шақырым әуе желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жоспар 20,7 пайызға артығымен орындалды.  

Дистанция бастығының орынбасары Айбек Ақжігіт өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жеті айдың қорытындысы бойынша әуе электр желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізудің жоспары 483 шақырымды құраған. Нақты орындалған жұмыс көлемі – 583 шақырым. Осылайша, жоспар 100 шақырымға артығымен орындалып, оның көрсеткіші 120,7 пайызды құрады.  

Төмен кернеулі әуе желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспары да артығымен орындалған. Жеті айда 8 шақырым жөндеу жоспарланса, нақты көрсеткіш 10 шақырым болды.  

– Электр желілерінің тұрақты жұмыс істеуі үшін тіректер мен олардың іргетастарына да ерекше көңіл бөлінуде. Есепті кезеңде 60 темірбетон тіректі ауыстыру жоспарланып, оның барлығы орындалды. Сондай-ақ 18 тіректің іргетасы күшейтілді, – деді Айбек Ақжігіт.  

Желілік айырғыштарды жөндеу және қайта қарау жұмыстары да жоспарға сай. Жеті айда 23 айырғыш жөнделіп, қайта қараудан өтті. Сонымен қатар желілердегі 27 ОМ трансформаторына жөндеу жүргізілді.  

Электр желілеріндегі сымдарды ауыстыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. АС-35 және АС-50 маркалы сымдарды ауыстыру бойынша жеті айлық жоспар орындалды. Кабель желілерінде де тиісті жұмыстар атқарылғаны айтылды. 10 кВ және 0,4 кВ кабельдерді ауыстыру бойынша белгіленген жеті айлық жоспар толық орындалған. Әр бағыт бойынша 0,1 шақырым кабель ауыстырылды.  

Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары электрмен жабдықтау құрылғыларының техникалық жағдайын жақсарту және олардың сенімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат