Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды

Аймақтар
31.08.2026, 12:55

Шығыс Қазақстан облысында жаңартудан кейін Өскемен-1 станциясының теміржол вокзалы ашылды. Салтанатты шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Елжас Отыншиев, теміржол саласының ардагерлері Александр Степура және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітов қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Вокзал жайлылыққа, қауіпсіздікке және жолаушылар ағынын ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін жаңа ғимаратқа ие болды. 

Бұрынғы вокзал ғимараты 1938 жылы салынған. Зерттеуден кейін оны бөлшектеу және жаңа нысан салу туралы шешім қабылданды. Жаңарту аясында заманауи ғимарат тұрғызылып, инженерлік желілер мен коммуникациялар жаңартылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ перрон қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды.

Бүгінде Өскемен-1 вокзалы тәулігіне 2 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Өскеменді Астана, Алматы, Аягөз, Жезқазған, Қарағанды және Достықпен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.

Жаңартылған вокзал жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасалған заманауи жолаушылар кеңістігіне айналды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды