Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды

Аймақтар
31.08.2026, 14:54

Қазақстанның үш өңірінде – Абай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында бес теміржол вокзалын жаңарту аяқталды. Үшбиік, Шар, Жарма, Жарық және Алға станцияларының жаңартылған вокзалдары жолаушылар үшін ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан елдің теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жаңғыртылды. 

Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларының вокзалдары қайта жаңартылды.

Үшбиік станциясы 1980 жылы салынған. Қайта құру барысында ғимарат, инженерлік коммуникациялар және перрон жаңартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Станция арқылы өңірді Семей, Қызылорда, Алматы, Өскемен, Ақтоғай, Шу, Тараз, Шымкент, Түркістан, Павлодар және Қарағанды, сондай-ақ Ресеймен байланыстыратын 10 жолаушылар пойызы өтеді.

Шар станциясы 1982 жылдан бері жұмыс істейді. Қайта құрудан кейін ғимарат пен іргелес инфрақұрылым жаңартылды. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 150 адамды құрайды. Станция арқылы Қазақстанның және Ресейдің ірі қалаларымен байланыс орнататын 18 жолаушылар пойызы өтеді.

Жарма станциясы 1996 жылы салынған. Қайта құру аясында ғимарат, инженерлік жүйелер және жолаушылар инфрақұрылымы жаңартылды.Станция арқылы 12 жолаушылар пойызы өтеді.

Қарағанды облысында қайта жаңартудан кейін 1936 жылы салынған Жарық станциясының вокзалы ашылды. Ауданы 484 шаршы метр бір қабатты ғимарат толығымен жаңартылды: шатыры мен қасбеті жөнделіп, инженерлік жүйелер жаңартылды, перрон қайта құрылып, аумақ абаттандырылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды.

Вокзалдың қасбеті заманауи әрлеуге ие болды, ішінде тозуға  және отқа төзімді материалдар қолданылды. Қосымша эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өртке қарсы есіктер орнатылды.

Жарық станциясы күн сайын орта есеппен 142 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы оны Астана, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Семей және еліміздің басқа да қалаларымен байланыстыратын 30 жолаушылар пойызы өтеді.

Ақтөбе облысында 1935 жылы салынған Алға станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Бір қабатты ғимараттың ауданы 379 шаршы метрді құрайды. Мұнда қасбет, ішкі үй-жайлар мен инженерлік жүйелер жаңартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қайта құру кезінде қазақстандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Станция арқылы Алға қаласын Ақтөбе, Алматы, Астана, Маңғыстау, Бейнеу, Орал, Тараз, Шымкент, Түркістан, Шу және Қызылордаменбайланыстыратын 14 жолаушылар пойызы өтеді.

 

Бес вокзалды қайта жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін неғұрлым қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және тиісті облыстар әкімдіктерінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.

Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ