Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Аймақтар
31.08.2026, 15:21

Қостанайда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жаңартылған нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Салтанатты рәсімге Көлік министрлігінің, Қостанай облысы әкімдігінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Қостанай вокзалы 1974 жылы салынған. 

Жаңартудан кейін вокзал өңірдің негізгі көлік нысандарының бірі ретіндегі рөлін сақтады және жолаушылар үшін кеңірек әрі ыңғайлы болды.

Ғимаратта инженерлік жүйелер, шатыр, ішкі және сыртқы үй-жайлар толығымен жаңартылған. Перрон қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Қауіпсіздікке ерекше назар аударылды: қосымша эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өртке қарсы есіктер орнатылды. Қайта құру барысында ғимараттың ауданы 7 412-ден 8 483 шаршы метрге дейін ұлғайды.

Вокзал қасбеті фиброцемент тақталар мен гранит көмегімен жаңартылды. Ішкі әрлеуде тозуға төзімді және отқа төзімді материалдар, соның ішінде гранит пен керамогранит плиткалары қолданылды. Жаңарту кезінде қазақстандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Қостанай вокзалы күн сайын орта есеппен 2 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.   Станция арқылы Қостанайды Астана, Алматы, Шу, Қарағанды, Тобыл, Атырау, Орал, Ақтөбе, Бурабай және Көкшетаумен байланыстыратын 18 жолаушылар пойызы өтеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды