Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды

Аймақтар
07.09.2026, 13:43
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде биылғы жеті айда төтенше оқиғаларға жол берілмей, жол сапасының балдық бағалануы 120 пайызға орындалды. Әрбір анықталған ақау мен жүргізілген профилактикалық рейдтің артында пойыздардың бекітілген кестеден ауытқымай, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп отырған толыққанды өндірістік жүйе мен аймақ теміржолшыларының ерен еңбегі тұр.  

Ол – машинистің қырағылығы, жолшының шеберлігі, станция кезекшісінің кәсібилігі, өткелдегі кезекшінің жауапкершілігі – айналып келгенде бәрі бір мақсатқа, яғни қозғалыс қауіпсіздігіне қызмет етеді.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Кенже Қойшыбаеваның айтуынша, жеті ай ішінде   жолдың техникалық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар да аз емес. Бөлімше жолының балдық бағасы жоспардағы 64-тен  51-ге жетіп, 13 балға асыра орындалған. ПЧ-57 бойынша – 52, ПЧ-59 бойынша – 43, ПЧ-60 бойынша 59 балға қол жеткізілді.

Жолдағы жалпы ақаулар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азайып отыр. Қанағаттанарлықсыз бағаланған жол учаскелері өткен жылғы 51 шақырымнан 38 шақырымға дейін қысқарды. Дефектоскопиялық құралдар арқылы 388 ақаулы рельс анықталды. Ал дер кезінде анықталған қауіп – қауіпсіздікке кепіл деген сөз.    

Пойыз машинистерінің жедел тежегіш басу жағдайлары да 70-тен 49-ға дейін азайған. Дегенмен бұл жерде де тоқмейілсуге орын жоқ. Оның ішінде 16 жағдай қараусыз малдың жолда жайылуынан, 14 жағдай бөгде адамдар кесірінен, 1 жағдай автокөліктің жолға шығуынан және 18 жағдай мал басудан болған.

Осыны ескере отырып, бөлімше қызметкерлері халықпен түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Жеті айда 268 рет жиын өтіп,  10 799 адамға түсіндіру жұмысы жүргізілген. Мектептерде 88 рет кездесу ұйымдастырылып, оқушыларға қауіпсіздік талаптары түсіндірілген. Теміржол маңында 93 рейд өткізілген. Мұның бәрі – қауіптің алдын алуға бағытталған үлкен профилактикалық жұмыс.

Малдың темір жолға шығуының алдын алу үшін де нақты шаралар атқарылуда. Жеті айда 992,9 шақырым малға қарсы қоршау жөнделіп, 50 шақырым жаңа қоршау салу жоспары орындалған. ПЧ-57, ПЧ-59 және ПЧ-60 мекемелерінің бұл бағыттағы еңбегі теміржол бойындағы қауіпсіздік шебін күшейтуге бағытталған.

Теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікке де айрықша көңіл бөлінуде. Бөлімше аумағында 41 теміржол өткелі бар. Жеті ай ішінде өткелдерде 274 рейд өткізіліп, 12 516 жүргізуші қамтылды. Нәтижесінде теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу фактілері анықталған жоқ. Бұл – тек жақсы көрсеткіш емес, жүргізушілер мен тұрғындардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру жолындағы профилактикалық жұмыстың нәтижесі.

– Биыл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы республикалық «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясына қызылордалық теміржолшылар белсене қатысты. Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл, Қазалы және оңтүстік телімдердегі жол дистанциялары, бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі мамандары, БАҚ өкілдері, жергілікті атқарушы билік ұйымдарымен бірге оншақты теміржол өткелінде рейд өткізіп, жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін, темір жолдың аса қауіпті аймақ екені түсіндірілді, ал пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру – теміржолшы еңбегінің  басты өлшемі, – дейді қауіпсіздік маманы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды