Арыс қаласында Шымкент жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері басшыларының қатысуымен тораптық жиын өтіп, оның соңында Республика күніне орай бірқатар еңбек озаттарына әртүрлі наградалар табысталды.
Атап айтқанда, Арыс локомотив пайдалану депосының аға машинист-нұсқаушысы Асқар Әбдубаитов «Кәсібі бойынша үздік», Түркістан локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Рустам Халиков «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгілерімен марапатталса, Арыс ТЧЭ мекемесінің қызметкерлері – әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы Гүлжанар Исаева мен жетекші инженер-экономист Айзат Досалиева, Түркістан локомотив депосының машинисі Шерзат Тоқсанов Құрмет грамоталарының иегері атанды.
Сонымен қатар Игілік станциясының жүк және багажды қабылдап-тапсырушы Балжан Шынарбековаға «Самұрық-Қазына» АҚ Алғыс хаты табысталса, бірқатар теміржолшылар «ҚТЖ» ҰК»АҚ басқарма төрағасы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы директорының атынан Алғыс хаттар алды. Атап өтерлігі, бұл бірқатар марапаттарға Ұжымдық шартқа сай ақшалай сыйлықтар берілмек.