Түркістан станциясының басшысы үздік деп танылды

Аймақтар
24.12.2018, 11:18

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалында станция басшылары арасында ТПЕ, ПҚН, ТСН ережелері және компанияның өндірістік қауіпсіздік стандарттарына қатысты білім-білігін сынайтын арнайы байқау өткізілді.  

Аталған байқау жоспарға сәйкес, 2018 жыл – станция бастығы жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Шараға оңтүстік аймақтағы ірілі-ұсақты он шақты станция басшылары қатысты. Сонымен станция басшылары өткізіліп отырған байқауға барын салып, белсене қатысты. Олардың арасында ондаған жыл тәжірибелері бар, жастардың ұстазына айналып үлгерген теміржолшылар – Түркістан станциясының бастығы Қ.Сырлыбековті, Шымкент станциясының бастығы Б.Абдуллаевты, Қызылсай станциясының бастығы Б.Раманқұловты, Күншағыр станциясының бастығы М.Түкібаевты және Састөбе станциясының бастығы Е.Маймақовты ерекше атап өткен жөн.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – байқауға қатысып жатқан станция басшыларының теориялық білімін тексеру мақсатында жазбаша тестілеу өткізілді. Онда техникалық пайдалану ережелерінің талаптары, теміржол көлігіндегі пойыздар мен маневрлік жұмыстардың қозғалысы бойынша нұсқаулықтар, сигнализация және белгі беру бойынша нұсқаулықтар, Компанияның өндірістік қауіпсіздік стандарттары сұралды.

Екінші кезеңде – үздік үш үміткер комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Қойылған сұрақтар легі, әрине, қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты. Мысалы, стандартты емес ахуал туындаған кезде пойыздардың қозғалысына байланысты жұмысшылардың әрекеті және Компанияның өндірістік қауіпсіздік стандарттарын егжей-тегжей біліп, айтып беру, т.т. сынды.

Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша сынақта үздік нәтиже көрсеткендер де белгілі болды. Олардың көшін бастағандар Түркістан станциясының басшысы Қ.Сырлыбеков, Күншағыр станциясының басшысы М.Түкібаев, Састөбе станциясының басшысы Е. Маймақов.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша Түркістан станциясының басшысына берілді. Екінші орынды Күншағыр, үшінші орынды Састөбе станциясының басшысы жеңіп алды.

Үздік станция басшыларын марапаттау Түркістан станциясының тораптық жиынында салтанатты түрде өткізілді. Марапаттау рәсіміне бөлімше басшылары, локомотив және вагон депосының басшылары, локомотив бригадалары, станция жұмысшылары және де Түркістан теміржолы торабының теміржолшылары қатысты.

Байқаудың мақсаты – станция басшыларының кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыру, еңбек және технологиялық тәртіпті күшейту, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және станция басшысы қызметінің корпоративтік деңгейін жоғарылату.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент 

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды