Тепловоздың жүруіне кедергі келтіріп жатқан жұлдызқұртты жою қарекеті басталды

Аймақтар
06.08.2021, 11:09
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысының Хромтау, Мұғалжар, Алға, Қарғалы, Мәртөк аудандарының аумағын жұлдызқұрт жайлады. Жәндіктер жеке компанияның кірме жолдарын басып қалған, деп хабарлайды Rail-news.kz. Әлеуметтік желіде теміржол бойын жайлаған жұлдызқұрттардың көптігінен тепловоздың жүре алмай жатқан видеосы тарап кетті. Онда машинист жәндіктерден жол майланып, дөңгелектердің тайғанап, жүре алмай қалғанын айтады. Оқиға Ақтөбе облысының аумағында болған.

«Желіде тараған видеомен таныспыз. Ақтөбе жол бөлімшесінің аумағына жәндіктерден қауіп болған жоқ. Оқиға Кемпірсай, Бадамша аумағындағы жеке компанияның кірме жолында болған. Қауіптің алдын алу үшін барлық жұмыстар жасалуда», – дейді Ақтөбе ЖТ бөлімшесі басшысының орынбасары Айбек Таласов.

Жәндіктердің тепловоз дөңгелектеріне жабысу оқиғасы Ақтөбе мыс компаниясының аумағында болды. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізіліп, жағдайдың тұрақталғанын жеткізді. «Жаңбыр жауып, кейін күн қатты ысығанда осындай болады. Бұл 8-10 жылда бір қайталанатын жағдай. Фитосанитариялық диагностика және болжамдар-әдістемелік орталығы анықтаған аумақта ғана химиялық өңдеу жүргізіледі. Қазір 8 мың гектар жер анықталды. Оның дені шаруалар меншігінде. Талап бойынша шаруалар өз қаржысына өңдеу жүргізеді. Кейін қаржысының тең жартысы субсидияланады», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Есмағамбетов.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты