Теміржолшылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы

Әлеумет
09.12.2022, 10:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне Қызылорда темір жолында арнайы іс-шара өтті.

Теміржолшылар жиынын «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов пен Қызылорда қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев ұйымдастырды. Жиынға арнайы шақырылған теміржолдағы нәзік жан иелері пікір білдірді. Оларға кәсіподақ ұйымы тарапынан естелік сыйлық табыс етілді.  

Жалпы аймақ бойынша салалық мекемелерде зорлық-зомбылық тәуекелдері тіркелмегенмен бұл құбылыс әлемде, кейде елімізде де орын алатыны жасырын емес. Жиынды ұйымдастырушылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жайлы жиылғандармен еркін форматта пікір алмасты. Сондай-ақ, осы тақырыпқа қатысты ғаламтор жаңалықтарына шолу жасалып, мұндай жағдайлардың аймақ бойынша орын алуына жол берілмеу жайы сөз болды.  

– БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылғы 17 желтоқсанда «25 қараша – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні» деп жариялаған. Біздің еліміз әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы БҰҰ конвенциясына қосылған. Аталған конвенция негізінде «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенциялары бекітілді. Осы уақыттан бері әйел затына қарсы кез келген қиянатқа, қорлыққа қарсы тұрып, қауіп-қатердің алдын алу шаралары жүргізіліп келеді. Өкінішке орай, ел ішінде нәзік жан иелеріне әлімжеттік жасайтын келеңсіз құбылыстар жоқ емес. Ал біздің бөлімше тарихында бұндай келеңсіздік болған жоқ. Қайта компания бойынша әйел адамдардың ауыр жұмыс жасауына рұқсат берілмеу жайлы пәрмен шығарылып, оларды жеңіл жұмыстармен қамту қолға алынған, – деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев.  

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік