Еңбек қорғау күні: Жарақат алған жұмысшылар ескерусіз қалмады

Әлеумет
03.05.2023, 10:05
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Астана жол дистанциясында кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана торабы бойынша филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев өндірістік жарақат алғандар мен еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторларды арнайы марапаттады.  

Жиын өндірісте жүріп қайтыс болғандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар Бақытжан Тәженов пен Ерлан Смыков «Еңбек қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» дипломы және соған қоса ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар өндірісте жарақат алған дистанцияның 5 қызметкері – жол бригадирі Нұржан Әбішев, өндірістік-техникалық бөлім маманы Дина Төлегенқызы, өткел кезекшісі Еркін Елемесов, дрезина машинисі Олег Поспелов, еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспектор Мұхамед Қаженовке азық-түлік пакеті берілді. Одан бөлек еңбек жағдайын жасау мақсатында №7 телімге шәйнек пен пеш табыс етілді. Сондай-ақ дистанцияның өндірістік телім бастығы Ернұр Смағұлға және техник-жолшы Жаңылсын  Матеноваға өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғауды қамтамасыз етуге қосқан үлесі, кәсіби біліктілігі мен өз міндеттерін сапалы әрі жауапты атқарғаны үшін Алғыс хат табысталды.  

– Еңбек қорғау күні бүгінде әлемнің жүзден астам елінде атап өтіледі. Соның ішінде Қазақстан да бар. Шығу тарихына келсек, 1989 жылы Канада мен Американың жұмыскерлері өндірісте жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарды еске алу үшін 28 сәуір күнін арнайы бекітуді ұсынды. 1996 жылы халықаралық еңбек ұйымы осы күнді Дүниежүзілік еңбек қорғау күні деп белгілеуді қолдады. Бірақ ол әлемдік деңгейде аталып өту үшін де біраз уақыт өту керек болды. Бүгін, міне, біз нағыз өндірістің ортасында жүретін сала мамандары – жолшыларды марапаттауға келіп отырмыз, жол шаруашылығы бойынша еңбек қорғауға зор үлес қосып жүрген теміржолшылар көп, – деді С.Сәрсекеев.  

Дистанция кәсіподағының төрағасы Біржан Алмежановтың айтуынша, мекемеде еңбек жағдайын жасау үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Соның бірі – биыл дистанция әкімшілігінің күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи жабдықталған 3 қабатты ғимаратқа көшуі. Жаңа ғимараттың іші-сыртын, төбесін толық жөндеу жұмыстарына ҚТЖ-дан қаржы бөлініп, ішкі жиһаздары мен басқа да керек-жарақтарын алуға дистанция кәсіподағы көмек берген.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті