Қиын жағдайда қалған теміржолшыға материалдық көмек берілді

Әлеумет
18.07.2023, 09:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өмірде не болмайды, апат аяқ астынан. Осыдан біршама уақыт бұрын Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Ғ. есімді азаматтың жеке сектордағы тұрғын үйі өртеніп кеткен болатын.

Теміржолшының отбасы, анасы, зайыбы және үш баласымен бір күнде баспанасыз қалды. Дүние-мүлкі түгел отқа оранып, жер үй тұруға мүлдем жарамсыз болып қалды. Сонымен бірге, 3-ші топтағы мүгедек ұлының ем-домы мен денсаулығының күтімі де қиындық тудырды.  

Осыған байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қарайтын арнайы комиссиясы семейлік вагон қараушыға көмек беру бойынша жиналған материалдарды зерделей отырып, өтініш берушіге 200 АЕК, яғни, 690 000 теңге көлемінде материалдық көмек беру туралы шешім қабылдады. Бүгінгі күнде өтініш беруші бөлінген қаражатты толық алды.  

Тек басшылық тарап қана емес, қызметтес-әріптестері де дер кезінде көмекке келді. Олар да қал-қадірінше қаражат жинап берді. Қазіргі таңда вагон қараушы түскен қаржыға жаңадан үй салуда. Қиын сәтте қол ұшын созған барша жанашыр жандарға алғысын білдіреді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда