Ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін қабылдау өзекті болып тұр – Кәсіподақ

Әлеумет
24.08.2023, 11:41
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда сала жұмысын жандандыруға қатысты мәселелер талқыланды.  

Филиал директоры Серік Сәрсекеев отырыстың күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Алдымен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын жетілдіру бойынша бастамалары туралы, екінші Астана торабы кәсіподақ филиалының кәсіподақ активтерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек бойынша мүдделерін қорғау бойынша жұмысы жөнінде, сонымен қатар Еңбек күнін атап өту және басқа да тақырыптар сөз болды. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің елдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру мен еңбек дауларының алдын алу бойынша шаралар туралы баяндамасындағы өзекті мәселелер талқыланды.  

– Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы кірістер мен шығыстарды әділетсіз қайта бөлу жүйесі анағұрлым өзекті мәселеге айналды. Осыған орай федерация басшылығы мына мәселелерді шешуге назар аудартады: ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін қабылдау, «Дамыған елдердегі ерекше есептеу бойынша ең төменгі жалақыны бекіту туралы» №131 ХЕҰ Тұжырымдамасын ратификациялау, жалақыны жыл сайынғы индексациялауды жүргізу бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін заңмен бекіту. Бұл шешімдер әрбір кәсіпорындағы кірісті бөлу жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді. Кәсіподақ федерациясы жалақы төлеу жүйесіндегі кемшіліктер туралы бірнеше рет мәселе көтерді, – дей келе С.Сәрсекеев федерацияның ел үкіметіне бағыттаған ұсыныстарын да мәлім етті. Атап айтқанда, жалақының ең кіші мөлшерін көтеру, инфляцияға байланысты жұмысшылардың айлық индексациясы бойынша жұмыс берушінің міндеттерін заңмен бекіту, бюджет саласындағы жұмысшыларға жалақы беру жүйесін жетілдіру және тағы басқа да бірнеше тармақтан тұратын ұсыныстар берілген.  

– ҚР Кәсіподақтар федерациясының осы тұжырымдамасын тыңдай отырып, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана филиалының атқарушы комитеті федерацияның аталған бастамасын қолдау жөнінде қаулы шығарды. Филиал кәсіподақтары ұйымдарының төрағаларын осы бастамамен таныстыру тапсырылады, – деді С.Сәрсекеев. Одан әрі ол кәсіподақтың Астана филиалындағы кәсіподақ активтерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек мүддесін қорғау бойынша жұмыстармен таныстырды.  

Сондай-ақ күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – Қазақстандағы Еңбек күнін атап өтуге байланысты болды. Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн биыл 24 қыркүйекке түсіп тұр. Оны атап өтудегі мақсат – елді дамытып, қоғам мен экономиканы өркендету үшін жалпыға ортақ еңбектің рөлін түсіндіру, жастарды еңбексүйгіштікке баулу, еңбек мәдениетін дамыту маңыздылығын ұғындыру, жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру. Осыған орай отырыс қаулысымен бұл күнді филиал бойынша ойдағыдай атап өту және 5 қыркүйекке дейін кәсіподақ активтерін Алғыс хаттар және Құрмет грамоталарымен марапаттау туралы өтініш хаттар ұсыну керектігі айтылды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда