Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Әлеумет
01.12.2023, 10:14
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Халықаралық Конвенцияда әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою күніне байланысты ҚТЖ көлемінде қолға алынған «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы шеңберінде Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде арнайы іс-шара өтті.

Бөлімшенің Ажар Ерманова жетекшілік ететін кәсіподақ ұйымының белсенділері ұйымдастырылған акцияда көз көріп, құлақ естіп жүрген келеңсіз жайттар, әйелдерге зорлық-зомбылық оқиғалары қатаң айыпталып, теміржолшылдарды  мұндай келеңсіз жайдың орын алуына жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар  ұйымдастырушылар теміржолшылар арасындағы татулық пен келісім салтанат құрған бақытты отбасыларды үлгі-өнеге ретінде насихаттауды жөн санапты.    

– Компания бойынша 25 қараша мен 16 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы өтуде. Акция мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, жолын кесу, ана мен баланың өмірін қорғау, адам саудасына жол бермеу, құлдыққа салудың жолын кесу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау, – дейді Ажар Ерманова.

Акция аясында бақытты отбасын насихаттау акциясын кәсіподақ комитеті Қазалы мен Төретам станциясында жалғастырды. Бақытты отбасыларға сөз беріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себеп-салдары, оның алдын алудың жолдары сөз болды. Әрине, ел іші болған соң ала да, құла да болатыны рас, сондықтан кәсіподақ белсенділері тарапынан жақсыны көрсету, игілікке жетелеу, ынтымаққа шақыру, отбасы құндылықтарын үлгі ету қадамдары көпшілікке оң әсер сыйласа керек. Алдағы уақытта жоспарланып отырған кәсіби мамандармен кездесу кеші, зиялылармен пікірлесу жиыны секілді отбасылық құндылықты сақтап, құрметтеу бағытындағы жоспарлы шаралар өз жемісін береді деген сенім мол.  

Мәселен, кәсіподақ белсенділері қазалылық теміржолшы Бақытбек Тілеуқабыл, Төретам вокзалының қызметкері Ақбаян Берденова жайлы және өнегелі  теміржолшылардың жанұясы жайлы бейнетүсірілімдер жасап, үлгі етуді ұстанып отыр.    

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды