ҚТЖ – зорлық-зомбылыққа қарсы

Әлеумет
14.12.2023, 11:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

ҚТЖ – зорлық-зомбылыққа қарсы. Қараша айының 25-де басталған «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне» байланысты теміржол мекемелерінде кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен осы тақырыпта түрлі іс-шара өткізілді.  

Олардың бірінде тақырыпқа қатысты арнайы маманмен кездесу ұйымдастырылса, енді бірінде салалық мекемелерде зорлық нышаны жоқ, үлгілі отбасыларды насихаттап бейнероликтер түсірілді. Тағы бірінде әйелдер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бұл науқандық шара әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігіне орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың №524 жеделхатына сәйкес өткізіліп отыр.    

Шараға алдымен үн қосқандар қатарында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманова мен Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова Қызылорда қалалық полициясының инспекторы Айгерім Ерболат пен дінтанушы, ғалым Бақтияр Оспановтармен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.

Халықаралық Конвенцияда әйелдердің құқын қорғап оларға қатысты жасалатын адами тіршілікке жат қылықтардың барлығын адамзат баласы құптамайтынын тілге тиек еткен құқық қорғау органы өкілдері осындай келеңсіз әрекеттердің орын алмауы үшін тұрғын үй аулаларына бейнебақылау орнатылып жатқанын,  тұрмыстық әлімжеттікке душар болған әйелдермен жұмыс істейтін орталықтар туралы әңгімелеген инспектор мұндай бастамалар тек акция барысында ғана емес, тұрақты әрі әділет органдарының бақылауымен қарқынды жүргізілуі керектігіне тоқталды.  

Жалпы қазіргі практикада адамның физиологиясына өзгеріс салу жолымен күш көрсету, жыныстық қол тиіспеушілігіне қарсы әрекет жасап, сексуалдық, экономикалық, нерв жүйесіне кері әсер ету арқылы психологиялық тұрғыдан бір адамның екінші бір адамға кері әсер етуі секілді тұрмыстық зорлық-зомбылықтың төрт түрі анықталғанын білдірген инспектор жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайымен 1300 хабарлама түскенін, бірақ олардың ішінде теміржолшы отбасының өкілдері жоқ екендігін жеткізді.

Жиында жастар науқандық шараға белсене қатысып өз ұстанымдарын білдірді.   Мәселен, Қызылорда теміржол вокзалының технигі Мақсат Тай өз үндеуінде жалпы зорлық-зомбылыққа қарсы екендігін білдіріп бейнеролик әзірлеп әріптестері арасында таратқан.    

Сонымен қатар Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы ұйытқы болуымен Қазалы теміржол вокзалы, Қазалы қалпына келтіру және Өрт сөндіру пойыздары ұжымында өткен жиынға арнайы шақырылған Қазалы аудандық мешітінің бас имамы мен аудандық полиция бөлімінің өкілдері зорлық-зомбылық жайлы мағлұматтар берді.

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік