Теміржолшылар ардагерге көмек көрсетті

Әлеумет
16.01.2024, 10:36
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

ТЧЭ-30 – Шу локомотив пайдалану депосы Шоқпар станциясында тұратын ардагер-теміржолшы Тынышбек Сатылғановтың үйіне жылу жүйесін тарттырып беріп, үлкен бір сауапты іс жасады.

Ақсақалдың айтуынша, жылу құбырын жүргізіп, батареялар қоймаған соң, қыстай көмір шақ келмей келген екен. Отынды қанша жерден үзбей жақса да, бөлмелер жылымай, күн жылығанша үй ішінде қабат-қабат киініп, оранып, қыстан шығатын қариялар қазір үйде бір жейдемен отырып, рахаттанып қалғандарын айтып мәз болды. Айта кету керек, Шу ауданындағы елді мекендердің 60 пайызы ғана газдандырылған. 18 елді мекенге дейінгі газ құбырын тартып беру үшін 5 837,6 миллион теңге қаржы бөлініп, үлкен 2 жоба жүргізілуде. Оның ішінде қазір 7 ауыл газбен қамтылып, 4-еуінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал Шоқпар кенті мен Шоқпар станциясы, Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнарға әлі табиғи газ құбырының желісі тартылған жоқ. 

Тынышбек Сатылғанов қария теміржол саласында жарты ғасырға жуық еңбек еткен. Биыл 80 жасқа келген ақсақал көз жанары нашарлап, І топтағы мүгедектік алғалы бері жүріп-тұру қиынға соққан. 

– Шу локомотив пайдалану депосының басшысынан бастап, барлық жұмысшыларына, маған қол ұшын созған кешегі ұжымыма ризашылығымды жеткізгім келеді. Өзім ес білгелі темір жолды жағаладым. Алғаш машинистің көмекшісі, кейін машинист болып жұмыс істедім, – дейді ардагер теміржолшы. 

Қарияның жұбайы Сейсенкүл Айдарқызы да теміржол саласында жұмысты үлестіруші болып еңбек етіпті. Шу локомотив пайдалану депосының бастауыш кәсіподақ ұйымы бір үйдегі екі ардагер теміржолшыға тиісті көмектерін көрсетіп, жыл аралатып сауықтыру орындарына жолдама беріп тұрады. 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды