Теміржол саласының әйелдер кеңесі өтті

Әлеумет
13.12.2024, 09:10
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де теміржол саласының әйелдер кеңесі өтті. Теміржолда гендерлік саясатты іске асыруға көмектесу мақсатында жуырда құрылған кеңестің алғашқы отырысына барлық өңірден келген белсенді әйел қызметкерлер қатысты.

Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев нәзік жандарды кеңестің алғашқы отырысымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегін алған кеңес төрайымы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Омарбекова кеңестің, негізгі міндеттер мен жалпы ережелер туралы баяндады.  

– Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында әйелдердің рөлін арттыруға ерекше назар аударып отыр. Соған сай теміржол саласында да әйел қызметкерлердің кәсіби және мансаптық өсуіне жағдай жасалады. Олардың көшбасшылық қасиеттері мен дағдыларын дамыту үшін бағдарламалар әзірленеді, тренингтер, семинарлар өткізіліп, білім беру бағдарламалары іске асырылады. Сондай қадамдардың бірі осы Әйелдер кеңесі арқылы теміржолда олардың мүмкіндіктерін арттыру үшін қаржыландыру, инвестициялау тетіктері қарастырылады. Нәзік жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беріледі. Көшбасшылық қасиеттері бар әйелдерді анықтап, олардың тұлғалық өсуіне қолдау көрсетіледі, оларды тиімді қолдау мен дамытудың қазіргі заманғы механизмдері әзірленеді, – деді Ш.Омарбекова.  

Бүгінде аталған кеңеске серіктестіктің 40 әйел-қызметкері мүше. Оның 54 пайызын 45 жастан жоғары әйелдер құраса, 34 пайызы 35-45 жастағылар, ал 12 пайызы 25-35 жас аралығындағы әйелдер. Отырыста кеңес жұмысының жоспары мен құрамы бекітілді және жұмысты дамыту бойынша ұсыныстар айтылды. Жоспарға сәйкес әр тоқсан сайын кеңес отырысын онлайн және оффлайн форматта өткізу, өңірлік өкілдермен бірге бейнеконференция, кеңестің көшпелі отырыстарын ұйымдастыру, әлеуметтік сауалнама жүргізу, құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу көзделген. Ал 2-3 тоқсанда «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясын өткізу, 3-4 тоқсанда басқарушылық құзыретті дамыту тренингтерін, үздік мансаптық өсу тәжірибелері бойынша семинар өткізу жоспарланған. Желтоқсан айында теміржол саласы әйелдерінің форумын өткізу, тамызда «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру көзделіп отыр. Сонымен бірге әйелдер арасында озық кәсіби жетістіктер бойынша байқау, «Әйелдердің шығармашылық әлемі» көрмесін өткізіп, салада Кеңес әйелдері жүзеге асырған табысты жобаларға шолу жүргізу де осы жоспар аясында іске асырылады.  

Отырыс барысында ел теміржолының түкпір-түкпірінен келген теміржолшы әйелдер өздерін және еңбек жолын жеке-жеке таныстырды. Олардың көпшілігі – салада 20-30 жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі көшбасшы әйелдер.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті