Маңғыстаулық жастар игі іс атқарды

Әлеумет
03.03.2025, 18:56
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жақсылықтың үлкен кішісі болмайды. Жаны жүдеп тұрғанда біреуге айтылған бір ауыз жылы сөздің өзі неге тең. Қажет кезі қол ұшын созып, қолтығынан демеп жіберу де адамгершіліктің ізгі көрінісі. Маңғыстау теміржолының жастары да жуырда сондай азаматтық іс істеп, дамыл таппай қармен күресіп жатқан жандарға «жылу» таратты.  

Қыстың соңғы күндері Маңғыстауға бір тоқсан бойы түспеген қар түсіп, табиғат тосынсый жасады. Арнайы тазалау қызмет өкілдері енді көктемге жеттік ау деп арқаны кеңге сала бергенде арқаның аязы мен қары батысқа бұрылып, бір сәтте барлық жерді ақ кілемге орады. Коммуналдық қызметтер тыным-таппай еңбек етіп, қаланы қардан тазалап жатқанда түбек теміржолының жастары да қол қусырып қарап қала алмады. Қолға күрегін алып қаладағы қарды аршып жатқан аға-апалары мен тоқтаусыз қатынап, қарды қаладан шығарып жүрген жүк көлігі жүргізушілеріне ыстық шай мен дәмді бәліш таратты. Сақылдаған сары аязда, суық қарды күреп жүрген жандарға жылулық таратып, алғыстарын алды. Қыстың соңғы күндерін солай өткізген жастар, Рамазан айына да қайырымдылық іс-шаралар жоспарын дайындап қойыпты.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға