ҚТЖ компаниясы Наурызнама онкүндігіне белсенді атсалысуда

Әлеумет
21.03.2025, 09:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы Наурызнама онкүндігіне атсалысып, 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүрлер күніне орай ауқымды мерекелік іс-шара өткізді.

Орталықтың кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ұлттық шарада өнерпаз қызметкерлері қазақтың бірнеше салт-дәстүрінен көріністер қойып, ән мен күйден шашу шашты. Қазақта баланың өмірге келуі мен 7 жасқа дейінгі кезеңіне байланысты көптеген салт-дәстүрлер бар. Олар баланың аман-есен дүниеге келуі, өсуі, тәрбиесі және қоғамға сіңісуімен тығыз байланысты. Осыған орай аталған орталық қызметкерлері жүктілік пен босануға байланысты дәстүрлер – құрсақ шашу, құрсақ той, жарыс қазан дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар баланың дүниеге келуі мен оған байланысты дәстүрлер – шілдехана, қалжа, иткөйлек салтын көрсетті. Одан әрі бала өмірінің алғашқы жылына қатысты дәстүрлер – бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер рәсімдерін жасады. Сонымен қатар 3-7 жас аралығындағы дәстүрлер – тілашар, атқа мінгізу салтынан көріністер қойды. Киіз үй тігіп, оны ұлттық нақышта жабдықтаған орталық ұжымы келген қонақтарға дастархан жайып, ұлттық тағамдардан дәм ауыз тигізді.  

– ҚТЖ компаниясы Наурызнама онкүндігіне белсенді атсалысуда. Наурызнама – әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы адамдарды біріктіретін, ұлттық дәстүрлерге деген бірлік, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын құратын бірегей мереке. 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген «Наурызнама» мерекесінің жаңа форматы Наурыз көпкүндік және мәдени оқиғаларға толы болып, мерекенің әр күні белгілі бір тақырыпта өтеді. Біз соның ішінде салт-дәстүрімізді дәріптейтін бүгінгі күнді таңдап алдық, – дейді Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы Кәсіподақ ұйымының төрайымы Күләш Даниярова.  

Бірінші қойылым «Құрсақ шашу» – ана болуға дайындалып жүрген келін образын көрсетті. Оған қатысқан ауылдың ақ жаулықты әжелері, келін мен ене, абысындар мен жеңгелер және қыз-келіншектер ролін келістіріп көрсеткен орталықтың қызметкерлеріне риза болмаған жан жоқ. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үй тігілді. Ортада жайылған дастарқанда бауырсақ, құрт, қымыз, ет, тәттілер қойылды. Келесі жарыс қазан – келіннің босану кезінде жасалатын қазақтың көне дәстүрі. Қойылым барысында олар дәстүрдің терең мағынасын ашып көрсетуге тырысты. Сонымен қатар жаңа өмірді қуанышпен қарсы алу, сәбиге ақ жол тілеу, шілдехана қойылымы ұлттық нақышта өрнектеліп, көрерменге қазақ халқының салтдәстүрін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Одан әрі бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу дәстүрлерін де қойылым арқылы жоғары деңгейде көрсеткен орталық ұжымы көпшілікке танымдық қана емес, тағлымдық та азық сыйлағандай болды.  

Барлық қойылымда белсенді өнер көрсетіп, әншілік, актерлік қабілетімен көзге түскен, аталған орталықтың персоналды дамыту басқармасының әлеуметтік тұрақтылықты басқару жөніндегі тобының бас менеджері Асқар Турлиннің талантына келген көрермендер тәнті болды. Ауыл бәйбішесі ролін сомдаған Гүлбахрам Манабаева мен жүргізуші Әсем Жексетованың өнеріне де көпшілік риза болды. Сондай-ақ орталық қызметкерлері әлеуметтік желілерде «Дәстүрдің жаңғыруы – қазақтың ұлттық зергерлік өнерінің сұлулығы» және «Күйлер сазы – дәстүр үніндегі домбыра» атты флешмоб ұйымдастырды. Оның бірінде қазақ қыздарының ұлттық әшекей бұйымдары – шашбау, шолпы, шекелік, тұмар мен алқа, өңіржиек, сырға, құсмұрындық және құдағи жүзік, қос білезік туралы, ал екіншісінде ұжымның өнерпаз қызметкерлері күй тартып бейнероликтер дайындады.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті