Жұмысшы мамандарға сұраныс бар

Әлеумет
31.03.2025, 10:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Президенттің жарлығымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Бұл елдегі ең ірі жұмыс беруші компанияның бірі ретінде ҚТЖ үшін өте маңызды. Жүз мыңдаған адам еңбек ететін компанияда жұмысшы мамандарға деген зәрулік әлі де бар.

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалы директорының инфрақұрылымдық даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Әнуар Амантаев «Магистраль Live» алаңында пікір білдірді.    

Айтуынша, дирекцияда бүгінде 44 мыңға жуық адам еңбек етеді. Алайда жыл сайын шамамен 1000 жұмыс орны ашылуда екен.  

– Бұрын темір жолда жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа тұруда бәсекелестік жоғары еді. Қазір жастар техникалық және жұмысшы мамандықтарын аз таңдайды. Бұл білім беру жүйесінің ерекшелігіне байланысты деп санаймын, себебі жас мамандарды ынталандыру жағы кемшін түсіп тұр, – дейді ол.  

Айта кету керек, ҚТЖ осы ретте оқу орындарымен ынтымақтастығын арттырып, түлектердің компанияға жұмысқа тұруына көмектесіп отыр. 2024 жылы 15 жас маман жұмысқа орналастырылды. Алайда бұл аздық етеді. Алдағы уақытта компанияның жүзеге асыратын ауқымды жобалары бар. Оның ішінде 5 мың км жаңа теміржол салу жоспарланған. Бұл осы салаға жұмысшы мамандарды көптеп тартуды қажет етеді.  

 – ҚТЖ өте сенімді және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жұмыс беруші. Компанияда жұмысшыларға барлық еңбек және әлеуметтік жағдай жасалған. Жалақы мен әлеуметтік пакет жыл сайын өсіп отырады. Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Сол үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылады. Оның бюджеті де ұлғая түскен. Темір жол – бұл тек тасымалдаушы  сала емес, бұл тұрақтылық пен ұзақ мерзімді перспективаны қамтамасыз ететін, қарқынды дамушы сала. ҚТЖ-да тұтас бір еңбек әулеттері қызмет етеді, бұл компанияның елдегі жетекші жұмыс беруші ретіндегі жоғары мәртебесін айғақтайды, сондықтан жастарды теміржолға жұмыс істеуге шақырамыз, – дейді Ә.Амантаев.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті