Болашақ станциясында жаңа ойын алаңы ашылды

Әлеумет
30.05.2025, 08:56
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясының балақайлары су жаңа ойын алаңына ие болды. Жақында ғана ауылдың кішкентай тұрғындарына базарлық ретінде бой көтерген алаңқай қолданысқа берілді. Жаңалыққа балалар ғана емес, ата-аналар да риза.

Болашақ ауылдық округі әкімі аппаратының ақпаратына сүйенсек, жоба құны 10 миллионнан асады. Ойын алаңында 300 шаршы метрге газон төселген. Онда ағаштан жасалған, шағын және секірмелі әткеншектердің ойын топтамасы мен карусель, сырғанақ, құм алаңы бар. Ата-аналар мен балаларға арналған аула орындықтары және олардың қасына қоқыс жәшіктері орнатылған.  

Бұл Болашақ тұрғындары үшін соңғы кезде жасалған жалғыз игілікті іс емес. Биылғы бес айдың есебін қорытындылаған ауыл әкімі Сыйлыбай Аманқұлов құны 11,9 млн теңгені құрайтын, заманауи жабдықталған балалар ойын алаңы пайдалануға берілсе, тағы бір ойын алаңы мен ұзындығы 4700 шаршы метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы, орталық саябақ, волейбол, баскетбол алаңдары салынып жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша, станция көшелері түнгі уақытта да жарқырап тұрады. Жарықтандыру бағытында көшелердегі және ашық футбол ойын алаңындағы істен шыққан ескілері алынып, 45 дана LED жарық шамдары орнатылған.  

Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда