Әрқашан күн сөнбесін...

Әлеумет
03.06.2025, 08:10
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚТЖ бас ғимаратында теміржолшылардың балаларына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Еvent мерекелік іс-шаралар академиясы өткізген мерекелік думан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күні балалар би билеп, ән айтты, түрлі аттракциондарда ойнап, қызықты, танымал кино және мультфильм кейіпкерлері болып киінген аниматорлармен суретке түсті. Сиқыршылар өнерін тамашалап, өздері сурет салды және аквагрим салушыларға беттеріне түрлі суреттер салғызды. Жас талантты өнерпаздардың концертін көріп, сабынды көбікпен ойнады. Балалар үшін батут, сумо, армрестлинг ұйымдастырылды. Картон қағаздан үйшіктер жасау, мольбертке сурет салу, өсімдік көшеттерін отырғызу, ерекше картиналар жасау бойынша шеберлік сабақтары да балалардың 3 сағат ішінде уақытын демалып та пайдалы өткізуіне мүмкіндік берді. Бір айта кетерлігі, іс-шараны жүргізушілер мерекені қазақ және орыс тілдерінде бірдей өткізуге мән берді.  

– Биылғы мерекелік іс-шара бұрынғыдан да ерекше ұйымдастырылды. Мен де балаларымды, яғни Арайлым, Дияр, Аяулым есімді үш баламды апарып қатыстырдым. Бағдарламасы өте қызықты болды. Барлық жанр қамтылған. Бала – біздің болашағымыз, ел ертеңі. Балалық шағы бақытты өткен балалар ғана ертең мықты, қамқор, жанашыр болып өседі. Сондықтан ата-ана ретінде біз олардың жарқын өміріне жол салу үшін осындай әдемі, әсерлі сәттерді көбірек ұйымдастыруымыз керек. Осы ретте ҚТЖ компаниясына алғысым шексіз, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Қуанышбек Қосымов.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті