Теміржолшы әулеті «Дарынды отбасы» номинациясын жеңіп алды

Әлеумет
22.07.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде үздік деп танылған 19 отбасының ішінде теміржолшылар жанұясы да бар. Биыл 11-ші рет өткен байқауда Жұмашевтар «Дарынды отбасы» номинациясын жеңіп алды.

Байқауға барлығы 255 өтінім келіп түскен. Әр отбасы өзінің тарихын, дәстүрлері мен жеткен жетістіктерін және құндылықтарын баяндаған. Ләззат Жұмашева ҚТЖ компаниясының еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ-ның кірістерді бақылау департаментінің директоры болып еңбек етеді. Теміржолда 20 жылдан бері жұмыс істейді. Жолдасы екеуі бес бала тәрбиелеп отырған көп балалы жанұя.  

«Біз бұл байқауға қатыса отырып, өзіміз секілді түрлі отбасылармен танысып араластық, отбасы құндылықтарын сараладық. Біз мысалы отбасымызда жеті адам болсақ, бұл жеті түрлі мінез бен тағдыр иесі бар деген сөз, бірақ бізді бір шаңырақ астында ортақ арман мен мақсат, өмірлік құндылықтар біріктіреді, – дейді Ләззат Жұмашева.  

Осыдан 18 жыл бұрын шаңырақ көтерген Ләззат пен Арнұр Жұмашевтар – береке мен бірліктің, татулықтың үлгісін көрсетіп отырған жарасымды жанұя. Ләззат – экономист-инженер, маркетинг, көлік және білім саласында гранттар иегері, SBS швейцариялық мектебінің МВА түлегі, сонымен қатар республикалық ғылыми байқаулардың жүлдегері, «Алтын белгі» иегері. Жұбайы – заңгер, 10 жыл мемлекеттік органдарда еңбек еткен, қазір жеке кәсіпкер. Ақсұлтан, Алдияр, Амина, Амира және Алимхан атты ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр. Балалары шетінен білімді де өнерлі, театр өнерін меңгеріп, түрлі байқаулар мен концерттерге қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Волонтер ретінде қоғамдық істермен айналысады.  

Үлгілі отбасында салт-дәстүр берік сақталып, ресми мерекелер аталып өтеді. Ләззаттың айтуынша, жұбайы балаларының патриоттық тәрбиесіне ерекше мән береді. Соңғы үш жылда бақша егіп, балаларын жерді күтіп, баптауға баулып жүр екен. Биыл Жұмашевтар әулеті алғашқы отбасылық тимбилдинг өткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Дарынды отбасыға сәттілік дейміз.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті