Бейнеуліктердің игі бастамасы

Әлеумет
09.09.2025, 08:15
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген дана халқымыз. Осы жолда көп болып ізгілік жолын қалыптастырған Бейнеу айналым депосының ұжымы игі істер атқаруда.

Биыл да бейнеулік локомотившілер оқушыларды мектепке дайындауға атсалысты. Жылдағыдай 15 ұл мен қызға мектеп киімі мен оқу құралдарын алып берді. Ұжымдағы машинистер мен көмекшілері қайырымдылық қорын құрып, жиналған қаржыға қолдауға зәру жандарға көмектесуді әдетке айналдырған.  

– Біздің ұжым «Бір үй аш болса – бүкіл ауыл аш» деген қағиданы берік ұстанады. Сондықтан ұжымнан қайырымдылық қорын құрдық. Қордың мақсаты – ауыл ішіндегі мұқтаж отбасыларға, жетім-жесірге, көпбалалы аналарға қолдау көрсету. Қор арқылы атқарылатын игі істерді бәріміз ақылдасып, келісіп, зерттеп барып шешеміз. Соның ішінде жылда жағдайы төмен отбасылардан оқушыларды мектепке дайындау да бар. Әр айда 10-15 мұқтаж отбасыға азық-түлік алып береміз. Қыс мезгілінде мұқтаж отбасылардың баспанасын жылытуына жәрдемдесіп, есік-терезе орнатып, жылу, жарық, газ жүйелерін тартып бердік. Кейбір жанұяларға коммуналдық төлемдерін де өтеп отырдық. Өткен жолғы Кұлсарыдағы су тасқыны кезінде ауданымызға эвакуалацияланған алпысқа жуық адамды «Ақсәлім» дүкенімен бірлесе бір апта бойы ыстық тамақ пен қажетті көмектермен қамтамасыз еттік. Осы жолда бірігіп жүрген әріптестеріме алғысым шексіз, – дейді Бейнеу айналым депосынан құрылған қайырымдылық қорға жетекшілік ететін машинист Қазбек Сейдалиев.

Оның айтуынша, деполықтар аталған игілікті іспен 2015 жылдан бері тұрақты түрде айналысады. Сол жылы рамазан айында оншақты азамат жиналып, ауызашар беруді қолға алыпты. Бұл бастама ұжымдағы өзгелерге де үлгі болып ай сайын мұқтаж жандарға көмек көрсетіп тұру жөнінде ортақ шешімге келіпті. Уақыт өте келе сауапты іске үлесін қосқысы келетіндер қатары көбейіп, «Қайырымдылық жолы» атты арнайы қор құрылыпты. Бүгінде аталған топта деподан 90-ға жуық белсенді азамат бар. Олар ай сайын өз еркімен қаржы жинап, ауылдағы, аудандағы қолдауды қажет ететін адамдарға көмектесуді жолға қойған. Қор мүшелері қуанышты күндерді есте қаларлықтай өткізуге де атсалысады. Локомотив депосындағы жұмыстың қаншама қиындығына, жауаптылығына қарамастан өз кәсіби міндеттерімен қатар адамгершілік қасиетінен айнымай, ол міндетін де абыроймен атқарып жүрген деполықтар көпке үлгі.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл