Теміржолшының студент баласына жол ақысы өтеледі

Әлеумет
15.09.2025, 16:28
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Отбасының бірнеше баласы студент болса, оның үстіне ақылы бөлімде оқыса олардың ұзақ мерзімдік демалысында үйіне келіп-кетуі бір жағынан қуаныш десек, басқа тараптан ата-анаға едәуір салмақ салары жасырын емес. Жүріп-тұрыстың құны қымбаттаған заманда алыстан ат терлетіп келген перзентіңе ат мінгізбесең де, біраз мерзімге бара жатқандықтан бір атанға жүк болардай дүниемен жөнелтесің. Осындайда ойдай шығынға бататын жанұя  бюджетінің жуаны жұқарып, жіңішкесі үзілердей күй кешеді. Бір жақсысы ұлттық компания мұны да ойластырған...

Бар тапқанын балаларының аузына тосып, тіпті өздерін ұмытып кететін қазақ отбасыларының басым бөлігінде тамыздың аяғы мен қыркүйек айы осындай қарбаластар басталады. Жазымен жақындарының жанында ойнап-күліп демалған ұл-қыздары баяғы оқу орындарына, сүйікті жатақханасына қайтады. Кейбірі өзге қалада енді ғана түскен жаңа оқуына арман қуып аттанады. Олар тек өздері кетпейді, жақындарының жарты жүрегін де жұлып әкетеді. Ауылда қалған ата-ана үмітін ақтап, ілім алуға алысқа жөнелтіп жатқан баласын шығарып сала тұрып, тек қимастықпен емес, жұқарған қалтамен, сан түрлі оймен қалады.  

Бұл студенттік өмірді бастан өткерген әрбір жанға, перзенттері ержетіп, бойжеткен әрбір жанұяға таныс жағдай болса керек. Десе де әлі күнге теміржолшылар отбасының әрбіріне жақсы таныс болмаған бір жайт бар екен. Ол жылына бір рет студенттердің пойызбен жүру ақысының қайтарылатыны. Яғни теміржолшы ата-ананың еңбек демалысындағы осы мүмкіндікті өзі қолданбаған жағдайда студент баласына беруге болатыны. Теміржол мекемесіндегілердің айтуынша, көбі әлі күнге бұл мүмкіндікті біле бермейді немесе билетті өткізу уақытын жіберіп алып жатады. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша бүгінге дейін тек алты-жеті адам ғана студент баласының пойыз билетін тапсырып, ақысын қайтаруға өтініш берген. ҚТЖ компаниясындағы ұжымдық шартқа сәйкес аталған мүмкіндікті теміржолда еңбек ететін жандардың 23 жасқа дейінгі студент ұл-қыздары қолдана алады екені. Ол үшін қажетті құжаттарды уақытылы өткізуге тиіс.  

-Міне теміржолда жүрген жиырма шақты жылдың ішінде жылда еңбек демалысына шығамын. Жыл сайын демалысымды құр өткізбей, балаларымды басқа қалаларға қыдыртуды әдетке айналдырғанмын. Ауылға келген бойдан өзімдікімен бірге ұлымның пойыз билеті және отырғызу талонын мекемеге өткізіп ақшасын қайтарып аламын. Ол көп балалы жандарға өте жақсы мүмкіндік. Демалыс болған соң тек бір қалаға барып қоймайсың, терең тамырлы халықпыз ғой, жан-жақтағы туысқандарыңды аралайсың. Мұндайда бізге пойыз билетін компаниядан өтелетіні көп жеңілдік болады. Осы мүмкіндікті талай жылдан бері қолданып жүрсем де егер оны өзің пайдаланбаған жағдайда студент балаңа беруге болатынын білмеген екенмін. Менің де бір қызым басқа қалада оқиды, жақында ғана оқуына шығарып салғанбыз. Өзіміз ешқайда шықпасақ алдағы жылдары қызыма беруіме болатынын біліп қуанып отырмын, -  дейді Болашақ өрт сөндіру пойызында еңбек ететін Ерболат Бытықов.  

Ал Маңғыстау магистральды желі бөлімшесінің кадр бөлімі басшысы Қалжан Әбілханованың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт бойынша, қызметкердің ауысуындағы адамның жалғыз жүру (Қызметкердің өзінің ілесіп жүруінсіз) шығыстарын өтеу кезіндегі қызметкер өзінің қарауындағы адамынсыз жеке жол жүруінің шығыстарын өтеуге құқылы. Қызметкер жол жүру құқығын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа дейінгі баласына (анықтамасы болған кезде) беруге болады екен. Биыл бөлімшеде 6 жұмысшының студент балалары осы мүмкіндікті пайдаланыпты. Олардың өздері осы жылы еңбек демалысында пайдаланбаған осы мүмкіндігін күндізгі бөлімде оқитын тек бір баласына бере алады, дейді ол.  

Маңғыстау мегаполистермен ең ұзақ жолсапарлардың бірі және оның жол жүру ақысы да соған сай өзге бағыттардан қымбат екенін ескерсек, мұның өзі үлкен көмек. Өйткені мектеп бітіргендердің көбі арман қуып ару Алматы мен Астанаға оқуға кетіп жатады. Ал бұл бағыттарда пойыз кем дегенде екі тәулік жүреді. Мысалы, 2 күн 15 сағат 14 минут жүретін 037 Т Маңғыстау-Семей пойызының билет бағасы плацкарт вагондар үшін 30 293 теңге боса, купеде 47 034 теңге. Сол пойызда 1 тәулік 22 сағат 34 минутта Астанаға дейін бару құны плацкарт вагонымен 23 457 теңге, купе вагонымен 36 304 теңге тұрады. Екі тәуліктен астам жүретін 077Х пойызындағы Алматы бағытының билет бағасы болса плацкартта 26 897 теңге, купеде 31 571 теңге. Ендеше, бірнеше баласы сондай алыс қалаларда оқитын жанұялардың шығындары да соған жараса. Ал мына мүмкіндік, ондай отбасыларды үлкен қолдау екені сөзсіз.  

 

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды