Бала қиялындағы болашақ

Әлеумет
22.09.2025, 09:47
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Күздің шуақты күндерінің бірінде Қызылорда қаласындағы «Арай Сити Молл» кешені ерекше бір сәнге бөленді, себебі бұл күні айналаның бәрі арманға толы. Әдетте демалушылар мен қала тұрғындарына арналған орын бұл жолы балауса қиялдың, алуан бояудың, мөлдір арманның алаңына айналды. Бұл күн жай ғана сурет жарысы емес, болашаққа қадам басқан үміттің, жүрекке ұялаған арманның мерекесі болды. Балалардың қылқаламынан туған әр бояу ертеңгі таза Қазақстанның бояуы іспетті еді.

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты мекемелердің теміржолшы балалары сурет конкурсына жиналды. Әрқайсысының жүрегінде бір арман- «Таза Қазақстан – Таза болашақ» деген асқақ ұғымды қағаз бетіне түсіру. Мұның алдында ойыншық пен кітап сыйлау науқанын өткізілген-ді.

Сурет көрмесінің алғашқы сәтінде-ақ бірден байқайсың, бұл балалар үшін жай ғана жарыс емес, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген махаббаттың сырлы әңгімесі. Бірі қиялындағы жасыл орманды, бірі көгілдір өзенді, енді бірі рельспен зуылдаған пойызды бейнелепті. Олардың барлығының жүрегінде ортақ тілек еліміздің табиғаты мәңгі таза, келешегі жарқын болса екен.

Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне мекемелердің кәсіподақ ұйымымен инженер экологтар ұйытқы болды. Мұхтар Көпірбаев, Бақытжан Ибрайым Мақсұт Сейітов пен Қызғалдақ Оспымбетовалар бастаған төрағалардың, экологтардың еңбегі балалардың қуанышты жүздерінен айқын сезілді.

Әсіресе, қазылар алқасы әр туындыны мұқият қарап, жылы лебіздерін білдірген сәтінде зал іші қуанышқа толып кетті. Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев әр суреттің алдында ұзақ аялдап, әр баланың ойына құлақ түрді. Ал Мұхтар Көпірбаев болса: «Бұл кішкентай суреттерде үлкен арман жатыр. Бұл болашақтың бейнесі»,- деп тебіренді.

Ал, балалар болса әркім өз алған суретімен мақтанып түсіндіріп әуре. «Мен табиғатты жасыл түске боядым. Әр ағаш, әр гүл бізді қорғап тұрғандай сезіледі» десе, енді бірі суретіне сүйсіне қарап: «Әкем пойыз жүргізеді. Мен де пойызды қостым. Қазақстанды таза елестетсем, бәрі әдемі болады», деп балалық шынайылығымен жүрек тебірентер сөзбен айналасындағыларға әсер етіп жатты

Сайыс соңында барлығы сыйлықтарға ие болып, тәтті дастарханнан дәм татты. Бірақ ең бастысы балалардың бойына сенім мен шабыт дарыды. Ата-аналардың қуаныштан жайнаған көздері, алғысқа толы сөздері сол күннің мәнін айшықтай түсті.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының инженер-экологы Қызғалдақ Оспымбетова балалардың жәрмеңкеге ерекше ықыласпен қатысқанын қуана жеткізді. Оның айтуынша, бүлдіршіндердің көзіндегі оттай жанған қуаныш, қолындағы ойыншығын немесе сүйіп оқыған кітабын қатарласына сыйлағандағы мейірім үлкендерге де үлгі боларлық ізгі қадам.

«Балалардың жүздеріндегі шат күлкі, бір-біріне сый жасағандағы жүрек жылуы бізге де қуаныш сыйлады. Бұл қарапайым ғана акция емес, кішкентайлардың достықты, сыйластықты, қамқорлықты сезінуіне үлкен мүмкіндік болды. Әр бала өзінің кішкентай тартуын ұсынып қана қойған жоқ, сонымен бірге қуанышты бөлісудің, бақытты сыйлаудың ләззатын сезінді», - дейді Қызғалдақ Оспымбетова.

Инженердің айтуынша, осындай игі шаралар балалардың бойына ізгілік пен мейірім дәнін егіп, олардың жүректерін жылылыққа бөлейді. Шынайы эмоцияға толы жүздері бұл акцияның ең басты нәтижесі.

Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман