Тегін билет кімдерге тиесілі?

Әлеумет
10.02.2026, 08:44
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне теміржол билетін тегін пайдалану мүмкіндігі берілгені осы сала қызметкерлері үшін тамаша тосынсый болғаны анық. Бұл жаңалықтың қолданысқа енгеніне енді бір ай болса да, Маңғыстауда біраз әскерилер отбасы пайдаланып үлгеріпті.

Маңғыстау вокзалының кассирлері айдың басында еңбек демалысында туған ауылына бару үшін бүкіл отбасы мүшелеріне билет алуға келген әскериге тегін билет алу мүмкіндігі туралы ескерткендерін, алғашында сенер-сенбесін білмеген ол төрт бірдей билетті тегін рәсімдеуге болатынын біліп төбесі көкке жеткендей қуанғанын естеріне алып күлді. Қуанбағанда ше, ары-бері қанша қаржыны үнемдеген сол жолаушы секілді бұл жаңалық талай әскеридің отбасылық бюджетіне пайдасын тигізері сөзсіз.  

Маңғыстау – елдің бір шетіндегі өңір. Одан Алматы, Семей, Астана бағыттарына плацкарт вагондарының билет бағасы орташа есеппен 25-30 мың теңге екенін ескерсек, бір отбасыдағы 5-6 адамның барып-келу билетіне ең кемі 300 мың теңге қажет екен. Балалары көпшілік отбасылардың бірен-сараны ғана болмаса, бәрі бірдей ұшақпен ұша бермейді. Олар үшін ең тиімді көлік – пойыз.  

Еске сала кетсек, әскери қызметшілерге арналған мұндай мүмкіндік осы жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енді. Сол күннен бастап әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері еңбек демалысы уақытында ел аумағында теміржол көлігімен тегін барып-қайту мүмкіндігіне ие болды. Жол жүру шығындары «ҚТЖ» ҰК» АҚ есебінен өтеледі. Тегін теміржол билеттері жылына бір рет және ол тиісті құжаттар негізінде рәсімделеді.  

– Маңғыстауда бірінші қаңтардан бері 120-ға жуық әскери қызметші стандартты плацкарт вагондарына тегін билет рәсімдеді. Бұл жерде ескеретін нәрсе, тегін билет тек қана плацкарт вагондарына қолданылады. Егер әскери қызметшінің мүмкіндігі шектеулі баласы болса, оған және қасында алып жүретін адамға купе вагонынан тегін орын ала алады. Мәселен, плацкарт вагонында мүлде орын табылмауы немесе бар болса да бұл отбасына қажетті орын дар кездеспеуі мүмкін. Мәселен, бос орындар бар, бірақ түрлі вагондарда. Әлде тек жоғарғы орындар қалған. Ал бұл жанұяда кішкентай балалар болғандықтан ол орындар жарамайды, енді біреулер плацкарт емес, купені қалайды. Бірақ бәрі де тегін билетпен жүргісі келеді. Сондай жағдайларда ол әскери купеден орын аламын десе, плацкарт билеті мен купе билетінің айырмашылығы қанша теңгеге шықса, сол соманы төлейді. Яғни плацкарт билетінің құны компания есебінен тегін өтеледі де, үстіндегі қалған сома жолаушының өз қалтасынан алынады. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген жеңілдіктер бойынша жол жүру құжаттарын алу кезінде жолаушыдан ресімдеу, қайтару және қайта ресімдеу операциялары үшін комиссиялық алым алу көзделген, – дейді Батыс аймақтық жолаушылар тасымалының Маңғыстау учаскесі бастығының міндетін атқарушы Мырзабек Сүйінғарин.  

Теміржол қызметкерлері үшін жылына бір рет тегін билет пайдалану баяғыдан бар үрдіс, ол ұжымдық келісімшартта да жазылған. Ал енді олардың қатарына әскерилер қосылып отыр. Қазақстанда қанша мың әскерилер бар, олардың отбасы мүшелерін есепке алсақ, ол сан бірнеше еселенеді. Міне, солардың бәріне жыл сайын бір реттік тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынып отырған ҚТЖ-ның бұл жобасы отан қорғау қызметіндегі талай әскери қызметкердің отбасына көмек болып, қуанышқа бөлейді деп сенеміз.  

 

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды