Балаларға базарлық

Әлеумет
01.06.2026, 11:23
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы теміржолшылардың  балаларына ойын сертификатын сыйлады.    

Құлсарыда – 56, Мақатта – 120, Атырау қаласында 365 бала ойын-сауық орталықтарына ойын сертификатын алып, мәз болды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Бисенғалиевтің айтуынша, бөлімшеге қарасты барлық мекеме қызметкерлерінің балалары көңіл көтеру шараларына қатысады. Сертификат арқылы балалар жаз бойына ойын-сауық орталықтарына бара алады. Ойын баласына бұдан артық ештеңе керек емес те шығар. Шалғай станцияларда да осындай ойын-сауық шаралары өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

Сонымен қатар кадр бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаева Атырау қаласындағы Балалар үйі мен мүгедек балалар үйіне барып, қызметкерлер тарапынан ерікті түрде жиналған ойыншықтар, сурет салатын бояу, қалам-қағаз, әртүрлі тәттілер мен жылы-жұмсақтар табыстағандарын мәлімдеді. 

«Біз биыл «Бақытты балалық шақ – әр баланың құқығы» атты акция ұйымдастырып, соның аясында қамқоршысы жоқ және мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық жасауды ұйғардық. Оған ерікті түрде қатысуға ниет білдірген қызметкерлер көп болды. Жиналған нәрселердің барлығы да жас ерекшеліктеріне қарай балаларға табысталды», - дейді ол. 

Кей жерлерде балаларға арнап ойындар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды