Қызыққа толы күн

Әлеумет
02.06.2026, 08:37
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар Маңғыстау теміржолында демалыс күндері басталып кетті. Балақайлардың көңілін көтеріп, естен кетпестей мереке сыйлау үшін әр мекеме өз сценарийін дайындапты.

Маңғыстау ЖТ бойынша кәсіподақ төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетовтің айтуынша, жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерде жалпы саны алты жүзден астам бала қамтылған. Атаулы күнге орай Маңғыстау станциясында балаларды кинотеатрға алып барса, Бейнеуде «Сәлем кидс» ойын-сауық орталығында бірнеше сағат бойына көңіл көтеруге мүмкіндік берілді. 

 

Жаңаөзендік бүлдіршіндер де балаларға арналған орталықта ойын ойнап, қызыққа батты. Болашақ станциясында аула клубында арнайы кеш ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. Шетпе станциясында балақайлар қуыршақ театрының кейіпкерлерін тамашалап, ертегілердің куәсі болды.  

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде 1100 бала осындай бағыттағы кештерде көңіл көтерді. Қысқасы, қызыққа толы бұл күн талай баланың жүрегінде естен кетпес естеліктермен сақталып қалды.  

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты