Білім күніне базарлық

Әлеумет
21.08.2026, 09:06
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде «Білім әлеміне саяхат» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған бөлімше қызметкерлерінің биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалары қатысып, сыйлыққа оқу құралдары салынған сөмкелер алды.

Жалпы, бөлімшеде жыл сайын теміржолшылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына сыйлық жасап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеу дәстүрге айналған.  

– Бұл – балалар мен олардың ата-аналары үшін ғана емес, барша ұжым үшін қуанышты оқиға. Кішкентай балақайларымыздың білім жолына сапарлары сәтті болсын! Зейінді, тәрбиелі, білімді болып өсіп, еліміздің мақтанышы болыңдар, – деп мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балаларға ізгі тілегін арнады Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Батырхан Базарбаев.  

Жеті жасар балдырғандарға Білім күнімен құттықтау хаты және мектепке ұстайтын әдемі сөмкелер тарту етілді. Балаларымен бірге ата-аналары да толқынысы мен қуанышын жасыра алмауда. Іс-шараның ұйымдастырылуына бөлімшенің кәсіподақ ұйымы да белсенді атсалысты. Ұйымның төрайымы Салтанат Махмутованың ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада бүлдіршіндерге айрықша көңіл бөлініп, олардың жаңа оқу жылының табалдырығын жақсы әсермен аттауына жағдай жасалды.  

– Биыл Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қалпына келтіру мен Өртке қарсы пойыздары, станциялар мен вокзал теміржолшыларының бірінші сыныпқа баратын 100-ге жуық бүлдіршініне мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер табысталды. Бұл – балаларға білім күніне арналған сыйлық, сонымен қатар ата-аналарына қолдау, көмек болмақ, – деді кәсіподақ төрайымы.  

 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет