Мақат - теміржолшылар дайындайтын ұстаханаға айналды

Әлеумет
07.04.2020, 10:03
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңірінде жергілікті кадрлардың қалыптасуы негізінен Мақаттан бастау алады деуге болады. Тоғыз жолдың торабы саналатын Мақат темір жолының қалыптасу барысында бірнеше буын мамандар өсіп шықты. Бірақ бұл процесс бірден пайда бола қойған жоқ. Мақат темір жолының ардагері, 85 жастағы Талпақов Қаби Қалмұханбетұлына жолығып, теміржолшылардың ұстаханасы болған Мақат туралы қызықты сұхбат құрған едік.

– Қаби аға, Сізді Мақатпен бірге жасаған адам деседі. Өңір теміржолының қалыптасу, өркендеу, даму жолдарын бірге көріп келесіз. Сізбен сол бағытта әңгіме өрбітсек деп едік.

– Мен өзім Жайық бойының қазағымын, Махамбет ауданында дүниеге келіппін. Бірақ 1959 жылдан бері мақаттықпын. 1973 жылдан Мақат темір жолында партия ұйымының хатшысы болып Одақ тарағанша жасадым. Жалпы, Мақат станциясы 1936-шы жылдары салынған ғой. Бірді-екілі ғимарат, екі қабатты ағаштан салынған шамалы үйлер болмаса, Мақатта ол кезден еш белгі қалған жоқ. Оның түлеген шағы 1960-шы жылдардан бері деуге болады. Сол жылдардың ортасынан бастап Мақат – Бейнеу теміржолы салына бастады.

Соған орай, Мақатқа одақтық дәрежедегі үлкен-үлкен мекемелер келді, оның ішінде УС-99 құрылыс басқармасы болды. Бұл қай жерде теміржол құрылысы салынады, соған маманданған үлкен мекеме болды. Оның қарауында жұмысшыларды керек-жарақпен жабдықтайтын өзінің ОРС (отдел рабочего снабжения) сауда, құрылыс-монтаж бөлімі: СМП-137, СМП-256 мекемелері бар болды. Содан бастап Мақат жылдам өсіп, дами бастады.

– Мақат – Бейнеу теміржолы қандай мақсатта салынып еді, маңызы неде болды?

– Мақат – Александров Гай деген жоба болды, Орта Азияны тіке Россияға қосу жобасы, Лениннің кезінен қалған. Одан сол жобамен Мақат – Бейнеу құрылысын бастады. Негізінен өңірде мұнай кәсіпшілігін дамытуға бағытталған жоба еді. 60-шы жалдардағы темір жол құрылысына орай көптеген мекеме көшіп келді өңірге. Сонымен бірге Одақтың әр аймағынан жұмысшылар да келді, олар: орыс, татар, украин, кавказдықтар, басқа да ұлттар болды. Оған дейін аудан орталығы Доссор болатұғын. Екі орта 30 шақырым, жол жоқ, ми батпақ. Іссапарға жіберсе, Доссорға баруға бетімізден басатын едік. Одан Ембі ауданына қосып жіберді, Құлсарыға. Кез келген мәселеге 150 шақырымдағы Құлсарыға баратын болдық. 1965 жылдардан бастап Мақат күшейе бастағасын аудан орталығын Мақатқа көшіріліп, көзіміз ашылды.

– Аудан орталығы болуға дайын болды ма Мақат ол кезде?

– Ия, халық өңі түгіл түсінде көрмеген 4 қабатты үйлер салынып, негізінен теміржолшыларға берілді. Теміржолда депо, станция салынды, мектеп, балабақша бой көтерді. Мақат теміржолдың арқасында үлкен орталыққа айналды. Теміржолдың деңгейі жоғары болды. Оның үстіне үш бағытқа қозғалыс басталды: Мақат – Сағыз, Мақат – Бейнеу, Мақат – Гурьев. Мақат Одақтық деңгейдегі тораптық станцияға айналды, жан-жаққа жүк тасымалы күшейді. Бүкіл батыс темір жолының жүрегі атанды. Өзінің депосы, станциясы, жол салу мекемесі, вагон мекемесі, ПМС, НЧС, НГЧ, әскерилендірілген күзет, тағысын тағы мекемелер құрылып, Мақат темір жолында 3 мыңдай адам болды.

– Ал, мамандар ше, олар қайдан тартылды?

– Ол кезде жергілікті мамандар жоқтың қасы, негізінен одақтас республикалардан келді. Орыс, украин, татар, башқұрт, шешен, молдаван, кавказдықтар да болды. Жалпы, сол жылдары теміржолға жұмысқа сырттан келгендердің бәріне, 3 мыңдай адамға үй берілді. Әрине, Кеңес өкіметі тарағаннан кейін бәрі біртіндеп кетіп қалды. Бір депоның өзінде мың жарым адам жұмыс істеді. Соның ішінде көбісі сырттан келген орыстар болды. Негізінен олар қарапайым, адал болды, қазақтармен жақсы қарым-қатынаста тұрды. Басқаларға қарағанда, орыстармен қатынас ешқашан бұзылған емес. Мен теміржолдың партия қызметінде болғандық-тан негізгі жұмысым жергілікті кадрлерді дайындауға күш салу болды. Қандыағашта қазақ балаларын машинист көмекшілігіне оқыттық. Ақтөбеде теміржол техникумы болды. Соның жанынан партияның бастамасымен филиал ашып, жігіттерді тағы да машинист көмекшілігіне, басқа мамандықтарға да оқыттық. Олар біртіндеп, машинистен инструктор, мастер сынды лауазымдарға көтеріле бастады. Ал басшылық орындарда қазақ ол кезде мүлде жоқ еді. Мәскеу бар, Алматыда жол басқармасы болды, олардың рұқсаты мен келісімінсіз ешқандай кадрлық ауыстүйіс болмайтын. Теміржол Мәскеуге тікелей қарағандықтан жергілікті биліктің де оған сөзі өте бермейтін.

– Жергілікті кадрлардан басшылар қашан шықты? 

– Отаров Сағынбай деген шұбарлық жігітті депо басшылығына ұсынып, әзер дегенде өткіздік. Мәскеудің пәрмені жүріп тұрған заман ғой. Сондықтан жергілікті халықтан қазақ басшы шыққанына қуанып едік. Бірақ, көп ұзамай ол жігітті өлтіріп кетті.

– Қалайша, кімдер?

– Теміржолдың клубы болатын. Соның қасында машинистер тұратын 4 қабатты жатақхана болды. Сонда төбелес болып жатыр дегенді естіп Сағынбай да жеткен ғой. Шешендер екен төбелесті бастаған, қазақтармен соғысып, екі ортада араша түскен Сағынбайды өлтіріп кетті. Өлтірген шешенді ұстап, соттап жіберді. Одан не пайда?

– Одан кейін тағы басшылық ауысты дейсіз?

– Сосын Вдолин, Соболев дегендер келіп, ондай мықты болмады. Марденов деген жігіт болып еді, ол да көп тұрмай кетіп қалды. Одан кейін бірнеше жыл Құлсариев деген, Бекбосынов Қайыр деген жігіттер болды Алматы мен Қызылорда жақтан келген. Жергілікті халықтан алғашқы депо бастығы Сәрсенбаев Амантай деген жігіт болды, институт бітіріп келіп, мастер, сосын депо бастығы болды. Міне, осылай қазақ жігіттері, соның ішінде Атырау өңірінің өз мамандары басшылыққа келе бастады. Сақтағанов Асқар деген машинисіміз Құрметті теміржолшы атанып айды аспанға шығарды. Атырауға келе жатқан сапарында қарсы пойызды көріп қалып, Соколок көпірі тұсында пойызды шұғыл тоқтатып, үлкен қырғынның алдын алғаны үшін сол кезде ешкімнің қолы жетпейтін атаққа ие болған еді. Кейін ол депутаттыққа сайланып, сонысын пайдаланып Мақаттағы Бәйгетөбе тұсындағы айналма көпірді салдыртып алдық. Шақатов Латип деген жолшымыз Мәскеуге дейін жетіп, Еңбек Ері атағын алды, Алтын жұлдыз, Ленин орденін кеудесіне тақты. Міне, осындай мықты мамандар өсіп шығып, келе-келе Мақат кәдімгідей теміржолшы мамандарды жан жаққа тарататын ұстаханаға айналғанын көз көрді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жолаушылар тасымалы
30.11.2025
ҚТЖ «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңа вагондарды жолға шығарды
Жүк тасымалы / Апта саны
28.11.2025
Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті
Жаңалықтар
28.11.2025
Қазақстан–Швейцария іскерлік кеңесіне 25-тен аса швейцариялық компания қатысты
Жүк тасымалы
28.11.2025
Қостанайда астықты теміржол көлігімен тасымалдау 20% өсті
Жаңалықтар
28.11.2025
Достық және Алтынкөл станцияларының қызметкерлері ҚХР-да өткен семинарға қатысты
Сұхбат
28.11.2025
Қауіпсіздікті күшейтуге күш салудамыз
Аймақтар
28.11.2025
Қостанай өңірінде контейнерлік пойыздарды ресімдеудің ашық тәртібі енгізілді
Аймақтар
28.11.2025
Өткелдерді жаңарту жалғасуда
Жаңалықтар
28.11.2025
Астанада қозғалыс қауіпсіздігі бойынша байқау өтті
Жаңалықтар
28.11.2025
Ташкентте Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумы өтті
Қауіпсіздік
28.11.2025
Практикалық сабаққа қатысты
Жаңалықтар
28.11.2025
ҚТЖ және Rail Cargo Austria транзиттік осьті күшейтуде
Жаңалықтар / Мұрағат
28.11.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №99 28 қараша 2025 жыл
Аймақтар
27.11.2025
Теміржолшы кәсібіне құрмет
Аймақтар
27.11.2025
Техникалық кітапханаға – 90 жыл
Жаңалықтар
27.11.2025
ҚТЖ жеке вагондардың тоқтап тұруын қысқартуға шақырды
Инфрақұрылым
27.11.2025
Жабық жол қайта ашылды
Жаңалықтар
26.11.2025
ҚТЖ басшысы: Компания Әзірбайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды
Спорт
26.11.2025
Күзет қырандары – спартакиада чемпионы
Жүк тасымалы
26.11.2025
Алты мемлекет Иран арқылы контейнерлік транзитті арттыру үшін күш біріктіруде