«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы тәулік бойы жүргізілуде

Инфрақұрылым
25.05.2026, 15:36
Оқуға 1 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Елімізде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі «Мойынты – Қызылжар» жаңа теміржол желісінің құрылысы қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ұзындығы 300 шақырымнан асатын жаңа теміржол желісі Қарағанды және Ұлытау облыстары аумағы арқылы өтіп, Мойынты мен Қызылжар станцияларын байланыстырады. Бұл учаске Транскаспий халықаралық көлік бағытының негізгі бөліктерінің бірі саналады. Жаңа желі іске қосылғаннан кейін жүк тасымалының қашықтығы 149 шақырымға қысқарады, Мойынты – Жарық учаскесіндегі жүктеме азаяды, контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығы артып, Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуеті күшейеді.

Қазіргі таңда негізгі жер жұмыстарының 90 пайыздан астамы аяқталды. Рельс пен шпал төсеу жұмыстары 40 пайызға орындалған. Көпірлер, құбырлар, жол өткелдері және мал өткелдері секілді нысандарды салу мен монтаждау жұмыстарының 65 пайыздан астамы біткен.

Жобаны жүзеге асыруға оннан астам мердігер ұйым тартылған. Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Нысанда 1700-ден астам маман мен 670-тен аса техника жұмыс істеп жатыр.

Құрылыс барысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында.

Жоспарға сәйкес, теміржол желісін пайдалануға беру ағымдағы жылға жоспарланған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды