«Қырғыз темір жолдары» мекемесінің хабарлауынша, 2026 жылдың 5 маусымынан бастап «Бішкек-2 – Балықшы» бағытында жолаушылар пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз құрамына сегіз жалпы (облысаралық) вагон, бір «VIP» вагон, алты «Люкс» вагон және бір «VIP купе» вагоны кіреді.

Жолаушылар пойызының жүру кестесі екі кезеңге бөлінген:

5 маусымнан 21 маусымға дейін — аптасына үш рет (жұма, сенбі және жексенбі күндері).

26 маусымнан 13 қыркүйекке дейін — күнделікті.

Рейстердің кестесі:

«Бішкек-2 – Балықшы жағажайы»: таңғы 08:06-да аттанып, сағат 12:37-де жетеді (Балықшы станциясындағы аялдама уақыты – 12:12).

«Балықшы жағажайы – Бішкек-2»: кешкі 18:40-та аттанып (Балықшы станциясындағы аялдама уақыты – 19:00), сағат 23:11-де оралады.