Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады

Жаңалықтар
22.05.2026, 15:46
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

2026 жылғы 22 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов пен Еуропалық Комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі Бас дирекциясының Тұрақты көлік және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серхио Ольете Хосаның екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөздер барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының қазіргі жағдайы мен негізгі жетістіктерін талқылады. Транзиттік тасымалдар өсімінің оң динамикасы, жүктерді жеткізу мерзімдерінің айтарлықтай қысқарғаны, контейнерлік тасымал көлемін одан әрі арттыру жоспарлары атап өтілді.

Каспий аймағындағы порт инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап ЕҚДБ және ЕО қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ақтау теңіз портындағы айлақтарды қайта жаңарту, сондай-ақ жаңа кемелер салу және Каспий теңізінде паромдық қатынасты дамыту барысы туралы баяндады.

ЕО мен Қазақстанның көлік саласындағы ынтымақтастығын талқылау аясында тараптар дәліз өткізу қабілетін арттыруға және өңірлік байланысты жақсартуға бағытталған негізгі теміржол жобаларының іске асыру барысын қарастырды.

Тараптар сондай-ақ көлік-логистикалық процестерді цифрландыруды, оның ішінде электронды құжат айналымы мен кедендік ресімдеу платформаларын дамытуды, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру құжаттарын электронды алмасуға көшуді талқылады. Қазақстан ЕО елдерін осы жобаға қосылуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көліктік әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады және Азия мен Еуропа арасындағы сенімді және бәсекеге қабілетті бағыт ретінде Транскаспий дәлізін дамыту бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті