"Құрамында адамды бақылайтын чип бар". Вакцина туралы неше түрлі қауесет

Әлеумет
28.06.2021, 10:00
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әлемді жайлаған COVID-19 коронавирустық инфекциясы адам денсаулығына қауіпті індет болып отыр. Медицина мамандарының айтуынша, онымен күрестің жалғыз жолы – ол вакцинация салдыру. Бұл процесс Атырау жүк тасымалы бөлімшесі теміржолшылары арасында да жүріп жатқанымен, әлі де баяулық, тартыншақтық бар. Соған сәйкес жуырда бөлімшеде «Медикер» ЖШС медициналық директоры Бақытжамал Иманалиева мен эпидемиолог дәрігер Марияш Жанабергенова келіп жұмысшылармен кездесті. Б.Иманалиеваның атап өткеніндей, екпе алудан қорқудың еш қажеті жоқ. Оның құрамында адамды бақылайтын чип болады екен, адам ағзасына жабысып қалатын магнит бармыс деген секілді неше түрлі қауесет шындыққа жанаспайды. Маманның айтуынша, вакцинаны әзірлеу үшін бір жылдай уақыт кеткен. Осы уақыт бойына әлемдік ғалымдар оны жан-жақты зерттеп, зерделеп, адам ағзасындағы вирусты жоюға күші жеткілікті дәрежеге жеткізген. – Елімізде вакцинациялау вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады, одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылуда. Бірінші кезеңде инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылды. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызметкерлер вакцинациялаумен, ал үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады. Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту қолға алынды, – дейді маман. Бұл жерде ең маңыздысы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Халықтың 60-70 пайызы екпе алдырса, індетті жеңуге болады. Ал қалған 30-40 пайызы кімдер деген сұраққа маман «олар балалар мен егде және созылмалы ауруы бар, медициналық тұрғыдан екпе алуға болмайтын адамдар» деп жауап берді. Бөлімше басшысы Д.Құланбаев бұған дейінгі оба, шешек, тырысқақ ауруларын да кезінде үкімет екпе арқылы жеңгенін атап өтіп, бұл аурудың да емі вакцинация алу екенін баса айтты. Өзі де алғашқылардың бірі боп екпе алған. «Біз ұжымбыз, бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынаста жүреміз, бір бөлмеде отырамыз. Біреуіміз ауырсақ айналадағы бірнеше адамға жұқтыруымыз мүмкін. Сондықтан өзіңді, отбасыңды, ұжымыңды ойлап, екпе алдыру керек» дейді ол. Әйтсе де, әлі де сенбеушілік танытып, екпе алғысы келмейтіндер де бар екен. Теңдік станциясының бастығы Б.Меңдешов: «Мен ковидпен қатты ауырып тұрғандардың бірімін. Осы вакцинация арқасында аман қалдым. Сондықтан салдырған дұрыс деп санаймын» деп ой қосты. Бөлімше басшысының орынбасары С.Қабдешев те өзінің және барлық отбасы мүшелерінің екпе алдырғанын алға тартып, одан қашпау керек деп кеңес берді. Эпидемилог дәрігер М.Жанабергенованың айтуынша, вакцинация алу ерікті түрде жүзеге асырылады. Бірақ ауру белгісі бар адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс. – Вакцинация мен жай дәрі не екпе алуды шатастырмау керек. Вакцинация ол антитела немесе иммуноглобулин. Адам бойындағы кез келген инфекцияға қарсы тұрып, оны жояды және алға қарай оның қайта кіруіне қарсылық білдіреді. Бізде қазір ресейлік Спутник-V және арабтық Хаят-вак вакциналарын егу жүріп жатыр. Екеуі де әбден зерттеуден өткен, сарапталған вакциналар. Бұрын оба, шешек, кейін туберкулез, 90-шы жылдары гепатит ауруларын осы вакцинация арқылы жеңді. Сондықтан вакцина алу өзіңіз үшін қажет, – деді ол. Теміржолшылар тарапынан вакцинация қаншалықты қауіпсіз, одан аллергия болуы мүмкін бе, неге екі кезеңде алу керек, вакцина құрамы қандай, оның электронды паспорты дегеніміз не, т.б. көкейдегі көптеген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды. Айта кетерлігі, бүгінгі күні бөлімше бойынша теміржолшылардың елу пайыздайы вакцина алған.

Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат