«Қазкөліккәсіп-2021» теміржолшылар футбол лигасы кубогын қарағандылықтар иеленді

Спорт
20.10.2021, 10:14
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

15-16 қазан күндері Шымкент қаласындағы «Биік» стадионында «Қазкөліккәсіп-2021» теміржолшылар футбол лигасы кубогының финалдық турнирі өтті. Қазақстанның әр аймағындағы іріктеуден өткен ең мықты командалар жиналып, екі күнге созылған спорт мерекесінің көрігін қыздырды. Теміржол ұжымдарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ісін жандандыруды, кәсіподақ белсенділері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, компания кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбек ұжымдарының бірлігін нығайтуды мақсат тұтқан турнирдің ашылу салтанатына қатысқан «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, Турнирді ұйымдастыру комитетінің құрамынан кәсіподақ ОК ұйымдастыру жұмысы және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов, турнирдің бас төрешісі Николай Хоботов қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынның тартысты да әділ өтуіне бір кісідей жұмылуға шақырды. Жарыстың шымылдығын көкшетаулық «Транстелеком» мен ақтаулық «Құрық порты» командалары ашты. Келесі кезекте арыстық ШЧ-38 командасы «Достық» станциясының теміржолшыларымен шаршы алаңға шықты. Үшінші кезекте «Достық» командасы қарағандылық «ТЧЭ» командасымен, арыстықтар «Транстелеком» АҚ-мен, Қарағанды локомотившілері «Құрық портымен», «Транстелеком» АҚ «Достық» станциясымен бақ сынасты. Жарыстың екінші күні де командалар бір-бірімен ауысып отырды. Айта кетейік, ойын өте қызықты да тартысты оқиғаларға толы болды. Бірінші күні қарағандылық локомотившілер командасының ойыншысы Игорь Ждановтың әйелі қыз босанып, команда жеңісін осы қуанышқа арнады. Ал ойынның екінші күні «Достық» командасының ойын шысы Дархан Қамытжановтың да әйелі қыз босанып, достықтықтар да бөріктерін аспанға атты... Сондай-ақ, турнирге жалғыз әйел ойыншы – көкшетаулық «Транстелеком» АҚ сату жөніндегі менеджері Екатерина Пяткинаның қатысуы да ерекше оқиға болды. Командалар арасында ойын өте тартысты әрі қызу өтті. Алаңда теңбіл доп қуған теміржолшылар кәсіби футболшылардан кем ойнаған жоқ. Ақтаулық ойыншы Бақыткерей Әлібеков ең мықты қарсылас ШЧ-38 командасы болғанын айтады. «Әр аймақтан ең күшті командалар келген, осалы жоқ. ТЧЭ командасы бірнеше рет чемпион атанып жатыр. Біз де екі рет вицечемпион атандық. Арыс командасы өте ұйымшыл, футбол тактикасын жақсы меңгерген, өте тез қимылдайды, осындай деңгейі жоғары командамен ойнағанымызға қуаныштымыз», – дейді Б.Әлібеков. «Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бізге ең мықты қарсылас болып ШЧ-38 командасы жолықты. Алайда, соңғы минуттарда 2:1 есебімен соққы бердік. Теміржолшылар арасында осындай аймақаралық спорттық ойындар жиі өткізіліп тұрса екен. Әріптестер бір-бірімізбен танысып, араласып, мәре-сәре болдық. Ал Шымкент қаласынан алған әсерім ерекше, шырайлы қала атына сай екен, бірінші рет кеп тұрмын», – деді қарағандылық Думан Қуандық. Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды арыстық ШЧ-38 командасы алды. Екінші орынды «Құрық порты» командасы, ал бірінші орынды қарағандылық ТЧЭ командасы иеленді. Бұдан бөлек, жарыста ең үздік ойыншылар да қоса марапатталды. Екі күнге созылған дүбірлі додадан соң қонақтар Түркістан қаласына экскурсияға аттанды.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты