Семей жол дистанциясының командасы волейболдан өткен жарыста топ жарды

Спорт
26.11.2021, 11:06
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар қауымы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай спорттық шаралардың көрігін қыздыруда. Бұл жолы желі бойындағы мекемелер арасында волейболдан жарыс өткізіп, ең мықтыларды анықтады. Ерлер арасында ұйымдастырылған бөлімше біріншілігіне барлығы 8 команда қатысты. Әуелгі кезекте өзара шеберлік сынасқан командалар арасынан үздік деп танылған қос команда суырылып алға шықты. Атап айтсақ, бірінші топтағы соңғы сайыста ПЧ-39 бен Транстелеком филиалының ойыншылары сынға түсіп, нәтижесінде жолшылар жеңіске жеткен болатын. Ал, екінші топ бойынша Семей станциясының ойыншылары Жаңа-Семей волейболшыларымен бәсекеге түсіп жеңіліп қалғанды. Үшінші орын үшін тартысқа толы бәсекеде Транстелеком мен Семей станциясының спортшылары өзара қарымта байқасты. Екі партиядан тұратын ойын барысы өте шиеленісті өрбіп, қарсыластар алма-кезек ұпай қоржынын толтырып отырды. Әйтсе де, ойынның соңғы сәттерінде бабы келіскен транстелекомдықтар басым түсіп, жеңіп кетті. Ал, алғашқы екі орынды анықтау үшін сынға түскен ПЧ-39-бен Жаңа-Семей волейболшылары тартысты ойын өрнегін көрсетті. Алайда, зал толы қызуқанды жанкүйерлерінің ұраны дем берген болуы керек, Семей жол дистанциясының ойыншылары екінші кезеңде шабуылды үдетіп, ұпай санын еселеп алды. Осылайша, қарсыластарын ойсырата жеңіп, бірінші орынға ие болды. Ойын нәтижесінде Жаңа-Семей екінші орын алса, Транстелеком филиалы жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Тәуелсіздік мерейтойына орай ұйымдастырылатын спорттық сайыстар қатары әлі алда. Сондықтан, бөлімше біріншілігі үшін өткізілетін жарыстарға қатысу мақсатында барлық мекемелердің спортты серік ететін теміржолшылары әр демалыс күндерін жаттығумен өткізуде. Әрине, бабы келіскеннің қашан да басым түсетіні белгілі.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті