Киберспорт біріншілігінде «Семейтранстелеком» филиалының командасы жеңіске жетті

Спорт
18.01.2022, 11:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар бөлімше тарихында тұңғыш рет киберспорттан біріншілік өткізді. «FIFA-2021» атауымен жаңа жыл қарсаңында өткен айрықша шараға желі бойындағы мекемелерден барлығы 12 команда қатысып, өзара шеберлік сынасты.

Айта кетсек, еліміз бойынша 2018 жылдан бастап ресми түрде спорттық ойындарға жатқызылған eSports ұлттық компания бойынша да, әсіресе, жастар арасында жақсы дамып келеді. Оған осы жолғы сайыс анық дәлел болды. Компьютерлік сауаттылықты ғана емес, дәлдік пен шапшаңдықты, тез шешім қабылдау мен командалық рухты талап ететін бұл ойын барысында теміржолшы жастар өзара біліктіліктері мен шеберліктерін сарапқа салды.

– Бұл бөлімшеміз бойынша алғаш ұйымдастырылып отыр- ған спорттық сайыс болса да оған қатысуға тілек білдірушілер саны өте көп болды. Жастар арасында қызығушылық аса жоғары. Геймерлер шеберліктерін толық дәлелдей алды. Онлайн көрермендер де дән риза. Алдағы уақытта аталмыш сайыс түрінен тағы да жарыстар өткізбекпіз, – дейді киберспортты ұйымдастырушы, Семей ЖТ бөлімшесінің «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Жанат Мойынбаев.

Дегенмен виртуалды кеңістікте өткен жарыс барысында тек мықтылар ғана жеңіске жетті. Жүлделі үшінші орынды ВЧД-23 вагоншылары иеленсе, екінші орынды Жаңа-Семей станциясының қозғалысшылары жеңіп алды. Әйтсе де, бас жүлде компьютердің «құлағында» ойнаған «Семейтранстелеком» филиалының «ТТС» командасының жігіттеріне бұйырды. Осылайша, Семей станциясының желілік кабельдік бригадасының инженері Нұрлан Амангелдинов пен ақпараттық технологиялар қызметінің инженері Диас Адылхановқа арнайы диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді.

Айта кетсек, онлайн спорттың бұл түрімен шұғылданушылар әуесқой спортшылар санатына жатқызылады. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған қазіргідей заманда электронды кибернетикалық ойындардың болашағы аса зор деседі. Бұл, тіпті, бір есептен теміржол саласындағы кәсіби машықтың шыңдалуына да септігін тигізеді деп санайды семейлік киберспортшылар.

Қуан ЕРТІС

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті