Семейлік бесаспап спортшы түрлі жарыстарда топ жарып жүр

Спорт
01.02.2022, 12:00
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесінде жастайынан спортты серік еткен құрыш білекті теміржолшылар қатары жетерлік. Солардың бірі НЖС-6 Семей жол дистанциясының дефектоскопиялық арба операторы Аманжол Аусыдықов облыс көлемінде ғана емес, ұлттық компания бойынша өткізілетін түрлі сайыстарда да топ жарып жүр.

Әскерде әуе десанты сапында жүріп-ақ талай жетістікке жеткен Аманжолдың есімі қазіргі күні спортты серік ететін барша теміржолшылар қауымына таныс десек, қателеспейміз. Осыған дейін ҚТЖ бойынша ұйымдастырылған қысқы спорт түрлері бойынша шаңғы қоссайысынан алдыңғы үштіктен табылған еді. Ал, аймақ бойынша өткізілген барлық жарыстарда Қазақстан темір жолының намысын қолдан бермей, бас жүлдені еншілеп жүр.

Мәселен, өткен жылы өңірдегі барлық іргелі мекемелер өкілдері қатысқан, Шығыс Қазақстан облысы бойынша өткізілген сайыстар арасында гір тасын көтеруден чемпион атанды. Спорттың дәл осы түрінен Алматы қаласында өткен республикалық сайыста тағы да топ жарып жүлдегер атанды. Кілең әскерилер, күштік құрылым өкілдері, гір көтеруден әлемді мойындатып жүрген кәнігі ауыр атлеттер арасында теміржолдың намысын қолдан бермеу – үлкен нәтиже.

Десек те, Аманжолдың оң жамбасына келетін спорт түрлері көп. Соның бірі – шаңғы спорты. Мәселен, осыдан біраз бұрын шаңғы спортынан өткен ел біріншілігінде аталмыш жарысқа ұлттық компания чемпионы ретінде қатысып, бақ сынаған еді. 44 келі салмақта сынға түскен 43 жастағы теміржолшы жігіт әскери қызметкерлерді, полиция және төтенше жағдайлар сарбаздарын да артқа тастап, бұл жолы да бас жүлдені еншіледі. ҚТЖ намысын қолдан   бермеген жеңімпаз арнайы грамота мен сыйлыққа ие болды.

– Бүгінгі Семей темір жолында спортты серік етіп, озық нәтижелерімен биіктерден көрініп жүрген жандар көп. Солардың арасында Аманжолды айрықша атауға болады. Бөлімшедегі барлық спорттық шаралардың алғы шебінде жүретін ол теміржолшы болмағанда, сөзсіз әлемді мойындататын спорт саңлағы болар еді деп ойлаймын, – дейді бұл ретте пікір білдірген «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова.

Қазіргі таңда Аманжол қысқы президенттік тест тапсыруға даярлық үстінде жүр. Қарағайлы орман ішіндегі шаңғы жолағымен екі шақырымдық алқапты небары үш жарым минутта бағындыратын ол биылғы жылы рекордтық көрсеткішті жаңартпақ ниетте. Бұл бастамаға ақпанның 4 күні Қытай астанасы Бейжіңде басталатын қысқы олимпиада ойындары да ықпал еткенін жасырмайды. Осынау байрақты бәсекеде ол шығыстан қатысатын көзтаныс 9 спортшыға жанкүйер.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды