«Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкерлерінен құралған команда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әуесқой футболшылардың шағын лигасына қатысуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
дерек «Нұрлы жол» командасының капитаны, вокзал кешенінің техникалық бөлім бастығы Самат Құдайбергеновтің айтуынша, спорт додасына қала бойынша 14 команда қатысып жатыр. Команда құрамындағы 19 футболшының бәрі де вокзалда еңбек ететін теміржолшылар.
– Жалпы бұл әуесқой футболшылар ойынының өткізіліп келе жатқанына 10 жылдан асты. Биыл біз вокзал қызметкерлері топ құрап, үшінші жыл аяқ доп жарысында бақ сынаудамыз. Дайындығымыз жаман емес. Лиганың бір кезеңі 25 қаңтарда басталды. Ол кезде әскери қызметкерлерден құралған командамен ойнадық. Тек сенбі-жексенбі күндері өткізіледі. «Nurly zhol» вокзал кешені» деген жазуы бар арнайы футболканы командаға біздің кәсіподақ алып берді. Компания намысын қорғау үшін бар күш-жігерімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз, – дейді Самат Құдайбергенов.
Шағын футбол лигасы апта сайын елордадағы Жекпе-жек сарайы мен Астана спорт кешенінде өтуде. Команда капитаны әуесқой футбол лигасы екі айға созылатынын айтады. Теміржолшылар командасына жеңіс тілейміз!